Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Теміртауда 6 миллион теңгенің мүлкі жанып кетті

Опубликовано:

Фото
Оқиға орнынан фото: polisia.kz

Теміртауда контейнер өртеніп, алты миллион теңгенің мүлкі жанып кетті деп хабарлайды Polisia.kz.

Басылым мәліметінше, 24 сәуірде Қарағанды облысы, Теміртау қаласының полиция басқармасына контейнер өртенгені туралы хабарлама келіп түскен.

Онда құрылыс және химиялық материалдар болған.

47 жастағы жәбірленуші контейнерде алты миллион теңгенің мүлкі болғанын хабардар етті.

Оқиға орын алған жерде бейнебақылау камерасы арқылы анықтау жұмыстары жүргізілді.

Бейнежазбада белгісіз біреу контейнердің жанына орнатылған қоқыс жәшігін өртегені анықталды. Жалынның ұшқындары құрғақ шөпті тұтатып, көп ұзамай от контейнерге жеткен.

Осы орайда криминалдық полиция қызметкерлері 28 жастағы ер адамды ұстаған. Ол кінәсін мойындап отыр..

Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодекстің 204-бабы ("Бөтеннің мүлкін абайсызда жою немесе бүлдіру") бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Қазіргі уақытта тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1909926-temirtauda-6-million-tengenin-mulki-zanyp-ketti/

pixel