Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Күн ашық, жауын-шашынсыз болмақ: Синоптиктер бүгінгі күнге ауа райы болжамын ұсынды

Опубликовано:

Көктем
Көрнекі фото: pixabay.com

"Қазгидромет" РМК синоптиктері 28 сәуірге арналған ауа райы болжамын назарға ұсынды.

Антициклон әсерінен еліміздің оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында және шығысында жауын-шашын болмайды, күн ашық болады. Қазақстанның қалған аймақтарында ауа райына Оңтүстік циклон және онымен байланысты атмосфералық фронттар әсер етеді. Нәтижесінде кей өңірлерде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды.

Еліміздің кей жерлерінде жел күшейіп, оңтүстік-батыста және солтүстік-батыста тұман болады. Солтүстік Қазақстан облысында жел екпіні 23-28 м/с дейін жетеді. Кей жерлерде дауыл тұрады.

Павлодар облысында желдің күші түнде кей жерлерде, күндіз басым бөлігінде 15-20 м/с дейін жетеді.

Қостанай облысының кей жерлерінде тұман болып, жел екпіні 15-20 м/с дейін жетпек.

Ақмола, түнде Жамбыл, күндіз Қызылорда, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде 15-20 м/с жылдамдықпен күшті жел соғады.

Ақтөбе, Маңғыстау облыстарында түнде және таңертең кей жерлерде тұман түседі. Алматы облысында Жалаңашкөл ауданында жел екпіні 15-20 м/с дейін жетуі мүмкін.

Еске салсақ, бұған дейін синоптиктер алдағы үш күнге ауа райы болжамын ұсынған болатын. Мамандар еліміздің кей өңірлерінде күн 36 градусқа дейін жылынатынын болжаған. Ал аптаның соңына қарай солтүстік-батыс антициклон республика аумағына әсер етіп, салдарынан ауа райы күрт салқындайды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1910010-kun-asyq-zauyn-sasynsyz-bolmaq-sinoptikter-bugingi-kunge-aua-raiy-bolzamyn-usyndy/

pixel