RU

Елімізде бір тәулікте тағы 3000-ға жуық адамнан коронавирус анықталды

Індет 22
Көрнекі фото: NUR.KZ/Петр Карандашов

Қазақстанда өткен тәулікте коронавирус жұқтырған 2883 адам тіркелді деп хабарлайды coronavirus2020.kz/kz.

Аймақтар бойынша:

  • Нұр-Сұлтан қаласы - 584
  • Алматы қаласы - 695
  • Шымкент қаласы - 114
  • Ақмола облысы - 140
  • Ақтөбе облысы - 128
  • Алматы облысы - 185
  • Атырау облысы - 110
  • Шығыс Қазақстан облысы - 92
  • Жамбыл облысы - 79
  • Батыс Қазақстан облысы - 153
  • Қарағанды облысы - 258
  • Қостанай облысы - 25
  • Қызылорда облысы - 77
  • Маңғыстау облысы - 62
  • Павлодар облысы - 112
  • Солтүстік Қазақстан облысы - 27
  • Түркістан облысы - 42.

Жалпы ел бойынша COVID-19 инфекциясын жұқтырғандар саны 316 965-ге жетіп отыр.

Сонымен қатар, өткен тәулікте 2850 адам індеттен жазылып шықса, 17 адам көз жұмған.

Қазір елімізде 42 526 адам коронавирустан емделуде, олардың ішінде 14 709 пациент стационарда, 27 817 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.

760 адамның жағдайы ауыр, 199 пациенттің жағдайы өте ауыр деп бағалануда. 114 науқас өкпені жасанды желдтеу аппаратында жатыр.

Ал COVID-19 белгілері бар пневмониямен ауырғандарға келсек, 27 сәуірдегі мәлімет бойынша аталмыш диагноз тағы 112 адамға қойылып, 5 жағдай өліммен аяқталған. 83 адам жазылып шыққан.

Жалпы 2020 жылдың 1 тамызынан бастап бүгінгі күнге дейін COVID-19 белгілері бар пневмониямен 52 739 адам ауырып, 791 науқас қайтыс болған. 51 460 адам жазылып шыққан.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1910214-elimizde-bir-taulikte-tagy-3000-ga-zuyq-adamnan-koronavirus-anyqtaldy/