Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Шығарып салды": Асхат Садырбай басшылық қызметінен не себепті кетті

Опубликовано:

Асхат Садырбай
Фото: Instagram/askhat_sadyrbay

Отандық танымал журналист Асхат Садырбай ашылғанына бір ай ғана болған халықаралық "Turkistan" телеарнасының Бас продюсері қызметінен кетті. Белгілі ақпарат өкілі оған не себеп болғанын ашып жазды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Асхат Садырбай аталған телеарна ұжымымен қош айтысуына қатысты бар шындықты Instagram парақшасында айтты.

Журналист бұл тақырып аясында арнайы жазба жариялап, алып-қашпа әңгімелерге нүкте қойды.

Білікті маман "Turkistan Media Holding" компаниясында екі айға жуық қызмет еткен.

"Түркістандағы ұжыммен қимай қоштастық. 2 айға жуық уақыт аз көрінгенімен біз бір-бірімізге бауыр басып үлгергендейміз. Арнаның ашылуы алдында жұмыс өте қарбалас болды. Жұмыс уақытынан тыс әріптестермен жақын сырласып үлгермедік те. Амандық болса алдағы уақытта кездесе жатармыз.

Осы сәтті пайдаланып “Turkistan” телеарнасындағы әріптестеріме алғыс айтсам деймін. Редакторлар, операторлар, видеоинженерлер, анонс, бағдарламалар режиссерлері және басқа да бөлімнің жауапты қызметкерлері жаңа телеарнаны ашуға арналған ұсыныстарым мен идеяларымды қолдап, күн-түн демей, тіпті демалыс күндері үйлеріне де қайтпай жаңа телеарнаның тұсаукесері үшін көп еңбек етті.

Өз ісіне тиянақты, жұмысын жан-тәнімен сүйіп істейтін, жүктелген тапсырмаға шынайы жауапкершілікпен қарайтын мамандарды ерекше бағалаймын, құрметтеймін. Көп рахмет! Алдағы уақытта сіздердің телевизия саласында елеулі еңбек етіп, отандық тележурналистиканың дамуына өлшеусіз үлес қосатындарыңызға сенемін.

Телеарнадан кетуіме қатысты әртүрлі алып-қашпа әңгімелер мен болжамдарға, негізсіз, дәйексіз сөздерге нүкте қою үшін айта кетейін 22-наурыздан кейін денсаулығым сыр беріп жұмысқа шыға алмадым. 12-сәуірден бастап медиахолдингпен келісімшарт тоқтады.
Медиахолдинг басшылығы арнаның ашылуына атсалысқаныма алғыс айтып, шығарып салды. Туған жерге бұдан да ұзақ, бұдан да көп қызмет етуге болар еді, оны енді алдағы күндердің еншісіне қалдырамыз. Ал, телеарнадағы әріптестеріме сәттілік тілеймін. Тек облыс, республика көрермені ғана емес күллі түркі жұрты тамсанып тамашалайтын телеарнаны эфирге шығаруда аянбай еңбек ете беріңіздер" , - деп жазды Асхат Садырбай.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1910335-sygaryp-saldy-asxat-sadyrbai-bassylyq-qyzmetinen-ketti/

pixel