RU

Қазақстанда алдағы мереке күндері ауа райы қандай болады

Көрнекі
Көрнекі фото: pexels.com

Синоптиктер алдағы мереке күндері, 1-3 мамырда Қазақстанда ауа райы қандай болатынын хабарлады деп жазады "Қазгидромет"

Синоптиктер ұсынған ақпаратқа сәйкес, сәуірдің соңғы күндерінде Қазақстан аумағына антициклонның енуімен республиканың көптеген облысында ауа температурасының төмендеуі күтіліп отыр.

Алайда, 2 мамырдан бастап биіктік жоталары елдегі ауа райына әсер етіп, жылы ауа массаларын алып келеді.

Осыған орай мамандар оңтүстік өңірлерде ауа температурасы 17...27°С-тан 28...36°С-қа дейін, солтүстік өңірлерде 10...18-ден 15...23°С-қа дейін көтерілуі мүмкін екенін жеткізді.

Бірақ циклондар да көп күттірмейді – 1 мамырда еліміздің оңтүстік-шығысы мен шығысында жаңбыр жаууы мүмкін. Кей жерлерде нөсер болып, найзағай ойнап, желдің екпіні 23-28 м/с-қа дейін күшейеді деп күтілуде. Сонымен қатар бұршақ жаууы да мүмкін.

Ауа райын болжаушылардың мәліметінше, 2 мамырдан бастап батыс аймақтарға Солтүстік-батыс циклон және онымен байланысты атмосфералық фронттар әсер ете бастайды, олар солтүстік аймақтар арқылы жылжып, бұл аудандарда жаңбыр жауады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1910472-qazaqstanda-aldagy-mereke-kunderi-aua-raiy-qandai-bolady/