Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Құрбысының ұлына шындықты айтып қойған ақмолалық әйелдің басы дауға қалды

Опубликовано:

Бала
Көрнекі фото: pixabay.com

Ақмола облысында әйелдің үстінен бала асырап алу құпиясын жария етуге байланысты қылмыстық іс қозғалды деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Оқиғаның қалай болғанын агентікке Ақмола облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі баяндаған.

Құзырлы органның мәліметінше, бірнеше жыл бұрын отбасы ресми түрде бала асырап алып, бұл құпияны сақтау үшін басқа жаққа көшіп кеткен.

Алайда жаңа қоныста баланы асырап алғандары жария болып қалған. Осыған байланысты ерлі-зайыптылар полицияға шағымданған.

"Тексеру барысында полиция қызметкерлері бала асырап алу туралы мәліметті жария еткен күдіктіні анықтады. Оның 41 жастағы жергілікті тұрғын екені белгілі болды. 18 сәуірде ол жәбірленушімен дауласып қалған соң бұл құпияны асырап алған балаға айтып қойған. Азаматша өз кінәсін мойындады", – дейді ведомстводан.

Аталмыш факті бойынша қылмыстық кодекстің 138-бабы (бала асырап алу құпиясын жария ету) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталған.

Мұндай қылмыс үшін 200 АЕК (538 400 теңге) көлемінде айыппұл төлеу немесе түзеу жұмыстарына тарту немесе 180 сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тарту, яки 50 тәулікке дейін қамауға алу жазасы қарастырылған.

Сондай-ақ, аталған бап бойынша белгiлi бiр лауазымдарды атқаруға немесе белгiлi бiр қызметпен айналысуға үш жылға дейін тыйым салынды.

Айта кетейік, күдіктінің тергеу процесіне келуі үшін процестік мәжбүрлеу шарасы қолданылған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1910565-qurbysynyn-ulyna-syndyqty-aityp-qoigan-aqmolalyq-aieldin-basy-dauga-qaldy/

pixel