Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Елімізде бір тәулікте коронавирус жұқтырғандар 2500-ге дейін азайды

Опубликовано:

тест коронавирус11
Көрнекі фото: NUR.KZ/Петр Карандашов

Қазақстанда өткен тәулікте COVID-19 инфекциясын жұқтырған 2496 адам тіркелді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Аймақтар бойынша:

  • Нұр-Сұлтан қаласы - 352
  • Алматы қаласы - 667
  • Шымкент қаласы - 109
  • Ақмола облысы - 136
  • Ақтөбе облысы - 118
  • Алматы облысы - 180
  • Атырау облысы - 75
  • Шығыс Қазақстан облысы - 85
  • Жамбыл облысы - 68
  • Батыс Қазақстан облысы - 110
  • Қарағанды облысы - 235
  • Қостанай облысы - 27
  • Қызылорда облысы - 93
  • Маңғыстау облысы - 58
  • Павлодар облысы - 143
  • Солтүстік Қазақстан облысы - 19
  • Түркістан облысы - 21

Жалпы ел бойынша коронавирус жұқтырғандар саны 327 995-ге жетіп отыр.

Сонымен қатар, өткен тәулікте 1758 науқас індеттен жазылып шыққан.

Қазір елімізде 44 374 адам коронавирустан емделуде, олардың ішінде 15 476 пациент стационарда, 28 898 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.

762 адамның жағдайы ауыр, 197 пациенттің жағдайы өте ауыр деп бағалануда. 122 науқас өкпені жасанды желдету аппаратында жатыр.

Ал COVID-19 белгілері бар пневмониямен ауырғандарға келсек, 1 мамырдағы мәлімет бойынша 12 жаңа жағдай тіркеліп, 2 жағдай өліммен аяқталған. 65 адам жазылып шыққан.

Жалпы 2020 жылдың 1 тамызынан бастап COVID-19 белгілері бар пневмониямен 53 083 адам ауырып, 809 науқас қайтыс болған, барлығы 51 820 пациент жазылып шыққан.

Айта кетейік, қазір еліміздің екі қаласы мен алты өңірі коронавирустың таралу көрсеткіші бойынша "қызыл" аймақта тұр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1910792-667-i-almatydan-elimizde-otken-taulikte-2500-ga-zuyq-adamnan-koronavirus-anyqtaldy/

pixel