Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматы облысында екі жеткіншек жұмбақ жағдайда қайтыс болды

Опубликовано:

Гараж
Көрнекі фото: piqsels.com

Жаркентте кәмелет жасына толмаған екі бала жұмбақ жағдайда қайтыс болды. Қайғылы оқиғаға қатысты Алматы облысының полиция департаменті пікір білдірді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Бастапқыда ақпарат әлеуметтік желілерде пайда болды. Онда Жаркентте техникалық қызмет көрсету станциясы секілді жабдықталған гараждардың бірінен 17 жастағы екі жасөспірімнің денесі табылғаны айтылған.

Автор олардың бірінің ата-анасына қатысты қылмыстық іс қозғалғанын да атап өткен.

Алматы облысының полиция департаменті кәмелет жасына толмағандардың өлімі туралы ақпаратты растады.

Құзырлы орган жасөспірімдердің денесінен зорлық-зомбылық белгілері табылмағанын мәлім етті.

"Расында, факт 28 сәуірде тіркелді. Жаркент қаласындағы жеке үйлердің бірінен шақырту түсті. Оқиға орнына келген Панфилов аудандық полиция бөлімінің жедел-тергеу тобы гараждан кәмелетке толмаған екі баланың (екеуі де 2004 жылы туған) денесін тапты.

Зорлық-зомбылық белгілері анықталған жоқ. Алдын ала болжам бойынша, балалар автокөлік жөндеу кезінде бензин буынан уланып қалған", – дейді Алматы облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Ведомство сотқа дейінгі тергеу қылмыстық кодекстің 156-бабы 4-бөлігі (Абайсызда екі немесе одан да көп адамның өліміне әкеп соқтыратын еңбекті қорғау ережелерін бұзу) бойынша жүргізіліп жатқанын айта кетті.

Тергеудің басқа мән-жайы айтылмады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1910909-almaty-oblysynda-eki-bala-zumbaq-zagdaida-qaitys-boldy/

pixel