Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ескендір Хасанғалиев Алматыдағы Кеңсай зиратына жерленді (фото, видео)

Опубликовано:

Жерлеу
Кадр: "Астана" арнасы

81 жасында дүние салған Халық әртісі, әнші-композитор Ескендір Хасанғалиев Алматыдағы Кеңсай зиратына жерленді. Қоштасу рәсімі композитордың өз шаңырағында өтті деп хабарлайды "Астана" арнасы.

Жиналғандар өнер иесін ақтық сапарға "Атамекен" әнімен шығарып салды.

Еске салайық, әйгілі сазгер өткен жұма күні, ауруханада көз жұмған еді.

Жерлеу
Кадр: "Астана" арнасы

Ескендір Өтегенұлы – лирикалық баритон, композитор, музыкант, Қазақ КСР-ның Халық әртісі және Қазақстанның мемлекеттің сыйлығының иегері.

Жерлеу
Кадр: "Астана" арнасы

Оның "Атамекен", "Анаға сәлем" "Әдемі-ау", "Асыл арман" секілді әндері тыңдармандар жүрегінің төрінен орын алды. Біртуар тұлға, қазақ өнерінің мэтрі, ардақты азамат Ескендір Хасанғалиев әр қазақтың жүрегінде естелік боп қалды.

"Қамқор ағамыз еді, аяулы ағамыз еді. Алдынан жарылқасын, бүкіл Қазақ халқына қайғырып көңіл айтамын. Иманы саламатты болсын, енді қазақ бар кезде ол кісінің аты өлмейтіні хақ", - дейді "МузАРТ" тобының әншісі Мейрамбек Беспаев.
Жерлеу
Кадр: "Астана" арнасы

Елбасы мен президент отбасына көңіл айту жеделхатын жолдады. Хатты Мәдениет және спорт министрі марқұмның ұлы Біржанға табыстады.

"Халықтың жүрегінде қалады оның шығармашылығы, өнері. Мен барша келген ағайындарға, бүкіл дәрігерлерге, жолдастарыма үлкен рахметімді айтамын. 03/16 Мәңгі папам менің жүрегімде қалады, сондықтан үлкен рахмет", - дейді Ескендір Хасанғалиевтің ұлы Біржан Хасанғалиев.

Жерлеу
Кадр: "Астана" арнасы

Ескендір Хасанғалиев қарапайым адам, жақсы отағасы, мейірбан әке ретінде де көпшілікке үлгі бола білді. Ескірмейтін махаббаттың иесін енді жұрт аңыз ғып айтатын болады.

Жерлеу
Кадр: "Астана" арнасы

Бұған дейін марқұмның ұлы әншінің індет жұқтырып, ауруханада ауыр халде жатқанын хабарлаған еді. Қауіпті кесел қазақ өнерін тағы бір тарланынан айырды.

Ә. Лесбек

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1911039-ansi-kompozitor-eskendir-xasangaliev-almatydagy-kensai-ziratyna-zerlendi-foto-video/

pixel