jitsu gif branding logo appbranding logo app

    Еуропаға барғысы келетін қазақстандықтардан не талап етіледі

    Әуежайдағы жолаушылар
    Көрнекі фото: pixabay.com

    Қазақстандықтар Еуропа елдеріне стандартты ережелер бойынша бара алады. Азаматтарға тек виза мен ПТР тестінің теріс нәтижесі көрсетілген анықтама қажет. Бұл туралы Қазақстандағы Еуроодақ өкілдері хабарлады.

    Қазақстанда карантин жеңілдетілмек. Бұған дейін Денсаулық сақтау министрлігі қазақстандық ұйымдар мен кәсіпорындардың қалай жұмыс істейтінін айтқан еді деп хабарлайды "Еуразия бірінші арнасы".

    Алексей Цойдың сөзінше, "жасыл" аймақтағы компьютерлік клубтар, боулингтердің жұмысына рұқсат етілген. Осы ретте толымдылық 30 пайыздан аспауы тиіс. Сондай-ақ "жасыл" аймақта толымдылық 15 пайыздан аспаған жағдайда көрермендердің қатысуымен спорттық іс-шара өткізуге болады.

    Бүгінде Қазақстан COVID-19-бен ауыру көрсеткіші бойынша әлемде 107 орында тұр.

    Қазір Үндістандағы эпидемиологиялық ахуал қиын болып отыр. Елде күніне 400 мыңға жуық жаңа жағдай тіркелуде. Осыған байланысты Үндістаннан келген қазақстандықтар міндетті түрде үйде екі апталық карантинге жатқызылатын болады.

    Ал Еуропада вакцинацияның арқасында ақырындап шекаралар ашылып жатыр. Алайда Еуроодақ пен Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы мақұлдаған вакцинаны еккендерге кіруге рұқсат.

    Ресейлік "Спутник V", қазақстандық QazVac не қытайлық Hayat-Vax вакциналары бұл тізімге енбеген.

    "Қазіргі уақытта ресейлік "Спутник V" тексерістен өтіп жатыр. Мен оның сәтті өтіп, мақұлданатынына сенемін. Ал QazVac пен Hayat-Vax зерттеу үшін Еуропа медициналық агенттігіне берілген жоқ.

    Әзірге, Қазақстан азаматтары үшін Еуропа елдеріне кіру процедурасы стандартты. Яғни, виза мен коронавирусты анықтайтын тесттің теріс нәтижесі керек", - дейді Қазақстандағы Еуропа елдері өкілдігінің ынтымақтастық жетекшісі Йоханес Стенбаек Мэдсон.

    Еуропаға барғысы келетін қазақстандықтардан не талап етіледі

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.