Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Арасында басшылар да бар: ШҚО-да қос азаматтық үшін 28 адам жауапқа тартылды

Опубликовано:

Құжат1
Көрнекі фото: NUR.KZ

Шығыс Қазақстан облысында жыл басынан бері қос азаматтық үшін 28 азамат жауапкершілікке тартылды. Көбінесе жауапқа тартылған адамдар Қазақстан азаматының құжаттарын пайдаланған. Сол арқылы азаматтық туралы заңнаманы бұзған деп жазады Sputnik Қазақстан.

Алтай өлкесінде Ресей Федерациясының азаматтығын алып, Семей қаласында квазимемлекеттік секторда басшылық қызметте жұмыс істеп жүрген тұлға да бар.

Бұл шетелдіктер Қазақстан Республикасының азаматтығынан айырылды. Оған қоса, оларға 100-ден 200 АЕК-ке дейін айыппұл салынып, ҚР ӘҚБтК-нің 496-бабына әкімшілік хаттама толтырылды.

Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес елде қос азаматтыққа жол берілмейді.  

"Полиция департаментінің көші-қон қызметі басқармасы қос азаматтықты анықтау жұмысын тұрақты түрде жүргізіп келеді. Жыл басынан бері қос азаматтық үшін 28 азамат, оның ішінде шетелдік азаматтықты алу фактілері туралы белгіленген мерзімде хабарламағаны үшін 8 азамат, Қазақстан Республикасы азаматының жеке басын куәландыратын құжаттарды пайдаланғаны үшін 20 азамат жауапкершілікке тартылды", - деді ШҚО полиция департаменті көші-қон қызметі басқармасының бастығы Ербол Бекпаев.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1911105-arasynda-bassylar-da-bar-sqo-da-qos-azamattyq-usin-28-adam-zauapqa-tartyldy/

pixel