Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"НеМолчи.kz" қоры жетекшісінің інісі екі қызды топтасып зорлады деген күдікке ілінді

Опубликовано:

кісен1
Көрнекі фото: pixabay.com

"НеМолчи.kz" қорының жетекшісі Дина Смайылованың інісі топтасып зорлау ісіне байланысты күдікті ретінде тергеліп жатыр. Бұл фактіге қатысты Алматы полиция департаменті мен қор жетекшісінің өзі пікір білдірді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Алматы қаласының полиция департаментінің мәлметінше, Бостандық ауданының полиция басқармасы 1989 жылы туған А.-ға қатысты қылмыстық кодекстің 120-бабының 2-бөлігі (Зорлау), 121-бабы, 2-бөлігі (Адамдар тобы жасаған сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеттері) және 378-баптың 1-бөлігі (Билік өкілін қорлау) бойынша қылмыстық істі тергеп жатыр.

"Тергеу материалдарына сәйкес, азамат А-ның бір топ адаммен бірлесе әрі алдын ала сөз байласа отырып, екі азаматшаға физикалық күш қолдану арқылы еркінен тыс жыныстық сипаттағы әрекеттер жасағаны және зорлағаны анықталған.

Күдіктіге қатысты сот санкциясына сәйкес, сотқа дейінгі тергеу кезінде "үй қамақ" түріндегі бұлтартпау шарасы таңдалды", – делінген полиция хабарламасында.

Істі тергеу аясында тиісті сараптамалық зерттеулер мен тергеу шаралары жүргізілуде.

Дина Смайылованың өзі де бұл жағдайға қордың Facebook-тегі ресми парақшасында пікір білдірді.

"Топтық зорлау ісі бойынша күдікке ілінген менің інім туралы мәлімдемеге қатысты өз көзқарасымды айтқым келеді. Жағдайға байланысты бір рет қана пікір білдіремін және бұл тақырыпты бұдан кейін қозғамауларыңызды сұраймын. Парасатты әрі адекватты адамдар түсінеді, қалғандарына айтқаннан пайда жоқ.

Зорлық-зомбылық құрбандарын, оның ішінде зорлау құрбандарын қорғайтын ұйымның президенті ретінде заң алдында барлық адам бірдей деп есептеймін! Бұл жағдайға қандай да бір пікір білдіруге, араласуға, зерттеуге және тергеу барысы туралы хабарлауға моральдық-этикалық құқығым жоқ деп санаймын. Сот шешсін!", – дейді қор жетекшісі

Сонымен қатар, ол қорға жәбірленушілер тарапынан ешқандай шағым түспегенін атап өтті.

"Бұл менің туысыма қатысты жағдай болғандықтан мен бұл іспен бәрібір де айналыса алмаймын.

Сот пен тергеу бар, мен Алматы қаласының полициясы тергеудің толыққанды өтуін қамтамасыз етіп, қайсы бір тараптың құқықтарының бұзылуына жол бермейді деп сенемін", –дейді Дина Смайылова.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1911224-nemolcikz-qory-zeteksisinin-inisi-eki-qyzdy-toptasyp-zorlady-degen-kudikke-ilindi/

pixel