Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстанда "әжетхана революциясы" неге орын алмады: Отандық саясаттанушы пікірі

Опубликовано:

Фото
Көрнекі фото: Sputnik / Тимур Батыршин

Отандық саясаттанушы Фархад Қасенов еліміздің жол жиектерінде дамыған елдердегідей дәретханалар салу мәселесінің не себепті тұралап тұрғанына жауап іздеп көрді.

Саясаттанушының бұл мәселеге қатысты пікірінің толық нұсқасын назарға ұсынамыз:

"2020 жылдың наурыз айынан басталған коронавирус пандемиясы еліміздегі түрлі проблемалардың шешімін таппағанын айқын көрсетті. Олардың бірі ішкі туризм саласы. Нақты айтқанда, бұл саланың дамуына және қазақстандықтар мен қонақтардың талаптарына жауап бере алатын, олардың ішіндегі басты мәселелердің бірі жол бойында орналасқан әжетханалардың тазалығы мен жайлылығы. Бір қарағанда қарапайым ғана болып көрінетін бұл проблема техникалық емес өркениеттік таңдауға айналуда.

2019 жылдың желтоқсан айының басында 2022 жылы еліміздің тасжолдарының бойында әрқайсысы 23 миллион бағаны құрайтын әлемдік деңгейдегі 304 әжетхана салынатындығы хабарланған болатын. Оларға қызмет көрсету мақсатында 700 мың мен 1,5 миллион теңге арасындағы қаржы жоспарланған болатын. Жоспарланған межеге жарты жылдан астам уақыт қана қалғанымен нәтижесі айқын емес.

Автомобильді тасжолдар комитетінің сөзінше, жақын арада Қазақстанның жол жиегіндегі қызмет көрсету деңгейі ұлттық стандарттар талаптарына сай болады. Алайда, аталған үлкен жоба жартылай деңгейде ғана шешіліп, жемқорлықпен ұштаспайтындығын есепке алмағанда көңілге сенім ұялатуы мүмкін.

Комитеттің есептеріне сенетін болсақ осы уақытқа дейін республикалық тас жолдар бойында ондаған "қозғаласы шектеулі азаматтарға қолайлы, вакуумды жуу қызметімен жабдықталған заманауи әжетханалар" орналастырылған. Қазақстандағы туризм саласының дамуына бағытталған мемлекеттік бағдарламаға сәйкес еліміздегі туристік аймақтарда германиялық технологияға сай мыңдаған тас жолдар жиегіндегі және көшелік әжетханалар салынуда.

Әрине, мұндай технологиялармен жабдықтау өте жақсы бастама, алайда олардың сырты бүтін, іші түтін болмасына кім кепіл?! Сонымен бірге, 2015 жылы еліміздің үлкен жол торақтарының бойында әлемдік деңгейдегі ақылы әжетханалар пайда болады деген әңгіме болған. Дегенмен, олар әлемдік стандарттар талаптарына жауап бере алмайтын болып шықты. Осындай ақылы әжетханалар қызметін Астана-Боровое, «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» автомобильді бағытында енгізген болатын. Алайда, олардың да шамы шарқы мәз емес.

Еліміздің заңнамалары негізінде жол жиегіндегі қызметтердің құрылысын және оларды жабдықтау жұмыстарын жергілікті және орталық билік атқаруы тиіс. Әрбір облыс аумағында облыстық маслихат депутаттарымен шешімімен қабылданған "Қалалар мен елді мекендер территориясында құрылыс жүргізу ережелері" бар. Осы ережелерде қоғамдық әжетханалар барлық транспорттық тасжолдар мен қоғамдық орындарда болуы тиіс делінген. Алайда, бәрімізге белгілі аталған жерлерде олардың сапасы түгілі өздері де жоқ. 2019 жылдың маусым айында БАҚ беттерінде "жол құрылысын салу саласында мемлекеттік бюджетке 2,7 миллиард теңге зақым түсірген шамамен 100-ге жуық жемқорлық тіркелгендігі" туралы ақпарат өткен. Аталған ұрланған қаражаттың ішінде сапалы әжетханаларға жұмсауға жоспарланған қаржы да болуы ықтимал.

Еліміздегі жол жиегі қызметінің әлсіз дамуының негізгі салдарының бірі тек жемқорлық емес. Оның басқа себебі сол сервистік объектілер иелерінің аталған заманауи таза әжетханаларды қамтамасыз ету жолындағы ынталарының жоқтығы болып табылады. Мұндай проблема АҚШ-та өткен ғасырдың 30-шы жылдарында орын алған. Бірақ, осы елдің үкіметі бұл проблеманы бірнеше жылдың ішінде мемлекеттік бюджеттің көмегінсіз, яғни, туристік бизнес пен жанармай бекеттерінің басшыларын позитивті ынталандыру арқылы шеше алды.

Әйгілі жазушы Фэнни Флэггтің "Жанармай бекетінде тек қана қыздар" атты кітабында сол жылдардағы америкалық "әжетхана революциясы" былай сипатталған болатын: "Әйелдер мен қыздардың автомобиль жүргізуін түсінген жанармай өндіруші компаниялар клиент тарту жолында бір бірімен бәсекелестікті бастады. Әйгілі медбике және елге танымал лектор Матилда Пэссмор: "Оларды таза әжетханамен қамтамасыз етуге қарағанда, жанармай бекеттеріне тарту ең ұтымды жол болып табылады" деген.

Америкалық "Texaco" компаниясы ақ патруль акциясын ұйымдастырып, бұл мақсатта "шевроле" автокөліктерінен тұратын автомобиль саябағы қамтылған. Және аталған автокөліктермен арнайы дайындықтан өткен инспектор мамандар қаланы аралып, тазалық сақтау мәселесін қадағалаған. "Texaco" компаниясының басшылары тексерістен сәтті өтуге және "Ақ тазалық кресті" тақтасына "Лицензиялық әжетханалар" жазуын қосуға мүмкіндік беретін атақты ұтып алуға үміттенген.

Осыдан кейін тағы бір компания "Жарқыраған патруль" атауымен тексеріс тобын жібере бастады. "Филлипс Петролеум" компаниясы да өз әріптестерінен қалыспай, ашық-көгілдір көйлек, ақ аяқ киім мен шұлық, сондай-ақ, жартылай әскери стилінде тігілген бас киім киген "Жол қожайындары" (Highway Hostesses) атауымен белгілі жас медбикелер тобын жалдап, тазалық кампаниясын жариялады. Барлық патруль топтары өздерінің тексерістен кенеттен жүргізуі, жол жиегіндегі қызметтердің басшыларын өздерінің әжетханаларын әрдайым таза ұстауға мәжбүрледі.

Нәтижесінде америкалықтарда өмір сүру деңгейінің мұндай сұрақтарының өзінде адам құқықтарын құрметтеу сұрауы қалыптасты. Айта кететін мәселе, АҚШ-тағы жол жиегінде орналасқан әжетханалардың қызметшілері мен қарауылдары жоқ болғанына қарамастан, оларда әрдайым лайықты тазалық сақталады. Мұндай құбылыс "анонимді мәдениет" деп аталады.

Басқа сөзбен айтқанда, адам оны ешкім бақылап қадаламағанына қарамастан, әрдайым тазалықты сақтауға тырысады. Біз өзімізге белгілі тарихи тәжірибеміздің арқасында күнделікті тұрмыс-тіршілігімізде нашар жағдайға, сәйкесінше өзімізге де сондай қарым-қатынас жасауға үйренгенбіз. Бізге өмірдің, қоғамның басты құндылығы ретінде адам мен оның құқықтарын бағалауға үйрену қажет. Осыдан кейін ғана, яғни, қашан біз саяхаттау барысында тазалықты сақтап, әжетханаларды тұтынуды үйренген кезде ғана, біздің жол жиегіндегі қызметтердің деңгейі лайықты деңгейге көтеріліп, өзге адамның еңбегін, қоршаған ортаны және өзімізді сыйлау мәдениетін қалыптастырамыз.

Дамыған елдердегі жол жиегіндегі әжетханалар мынадай қарапайым талаптарға сай болуы шарт: аумақты қажетті жарықтандыру; көлік тұрағының болуы; әжетхана қағазы, сабын және қағаз сүлгісінің болуы; мүгедектерге арналған арнайы бөлмесінің болуы; көлік тұрағынан жаяу жүргіншілерге арналған қауіпсіз жүру жолдарының болуы және т.б.

Біздегі жол жиегіндегі әжетханалардың қайсысы аталған талаптарға жауап беретіндігі туралы айту өте қиын. 2018 жылы мәдениет және спорт министрлігі бүкіл Қазақстан бойынша «әлемдік стандарттарға сәйкес келетін дәретханалары бар екі нысан ғана» деп айтуға мәжбүр болғандығы бекер емес. Яғни, бұл тізімге жол жиегіндегі бірде-бір дәретхана кірмегендігі көп нәрсені айғақтайды.

Сонымен қатар, Қазақстанды туризмнің өңірлік орталықтарының біріне айналдыру жоспары бар. Сонымен бірге, Дүниежүзілік туристік кеңестің талаптарына сәйкес, әрбір 50 шақырым автожолға бір дәретхана орналасуы тиіс. Онда барлық қажетті жабдықтар, соның ішінде ыстық суы болуы қажет. Себебі, турист үшін ең басты мәселе күнделікті жүріс-тұрыс пен елдегі қолайлы жағдайдың жасалуы. Бұл мәселеде адамның негізгі қажеттіліктерін қамтамасыз ететін нысандар – демалу, тамақтану, жуу және дәретханалар болып табылады.

Сондай-ақ, туризм саласы жол жиегіндегі қызметті одан әрі жақсартуға ықпал ететін мультипликативті экономикалық әсерге ие. Туристер санының артуы қоғамдық тамақтану, сауда, логистика, көлік, ойын-сауық және т. б. нысандардың дамуына ықпал ететіндігі анық. Мысалы, АҚШ экономикасына туризмнің әсерінени жыл сайын триллион доллар қаражат түседі. Туристердің басым көпшілігі табиғат аясындағы мұражайларда серуендеу немесе елдің тарихымен тығыз байланысты аграрлық шалғай жерлерге автомобилдік сапарлар жасауды жөн көреді. Сондықтан, аталған елдің жол жиектерінде әрқашан саяхат жасаушыларға барлық қажеттіліктермен жабдықталған дәретханаларды таба аласыз.

Біздің тұрғындар үшін американың жол жиегіндегі дәретханалары сәнді ғимарат секілді болып көрінеді, өйткені, оның холлы мәрмәрмен қапталып, ішінде кофе мен алкогольсіз сусындар құрылғылары, қабырғалы тегін жол көрсетушілері, газеттер, журналдар, жол атластары мен түрлі-түсті буклеттер бар. Ғимараттың айналасында әдетте жасыл көгалдар, арбалар және иттерді серуендейтін алаңдар бар. Олардың кейбір дәретханаларында кәуап дайындауға арналған тегін демалыс орындары бар. Алайда, бұл жабдықтарды пайдалану үшін осы жердің талаптарын қатаң сақтау тиіс. Сонымен қатар, Американың барлық мекеніндегі тас жолдардың бойынан стандартты фаст-фуд, қонақ үй немесе лагерь таба аласыз.

Бір сөзбен айтқанда, американың автомобиль жолдарының бойында жанармай бекеттері мен жөндеу шеберханаларынан бастап дүкендер, тамақ және тұрмыстық қызмет көрсету кәсіпорындарын және т.б. қажетті қызмет көрсету орындарын таба аласыз. Және бұл орындар жайлы дәретханасыз «қалыпты» болып есептелмейді. Батыс Еуропа, Жапония, Австралия және т.б. дамыған елдердің жол бойындағы қызметтері шамамен осындай деңгейде. Мұндай жол жиегіндегі қызмет көрсету орындары саяхатшыларға қонақ үйлер мен түрлі клубтарға қарағанда қажеттірек. Көршілес Қытай елінде соңғы уақыттарда жол жиегіндегі қызмет көрсету орындарының, әсіресе дәретханалардың дамуы байқалады. Бүгінде аталған елдің автожолдарының бойынан барлық қажетті жабдықтармен қамтамасыз етілген дәретханаларды кездестіруге болады. Сондықтан да, Қытайдың әлемде туристер саны жағынан 3-ші орын алуы заңдылық.

Қазақстанда да жаяу жүргіншілер мен автомобиль туризміне арналған көптеген нысандар бар. Осыған орай, елімізде жол жиегіндегі дәретханаларды қамтуды субсидиялау туралы шешім қабылданғаны қуантады. Себебі, еліміздің экономикалық және мәдени жағдайында аталмыш шара өте қажет болып табылады. Мысалы, АҚШ-та автомобиль жолдарының көптеген аумақтарын жеке бизнеске жалға беру есебінен жол жиегіндегі қызмет көрсету қызметтері дами түсуде. Қазіргі таңда бізде де Нұр-сұлтан – Теміртау, Нұр-сұлтан – Щучинск, Алматы – Хоргос және Алматы – Қапшағай секілді автожолдарда жол бойындағы қызмет нысандары жол жүру ақысының есебінен қамтамасыз етіледі.

Көптеген қазақстандық сарапшылар мен лауазымды тұлғалар республикалық маңызы бар автомобиль жолдарының 11 мың шақырымын ақылы етуге және ол жерлерде дәретханалар, дәмханалар, қонақ-үйлер және т.б. қызметтік орындар салуға болады деп есептейді. Осы шаралардың арқасында елімізде белгілі бір дәрежеде мәдениеттілік деңгейі де өсетін болады, өйткені мұндай жағдайлар азаматтарымыздың жол жиегіндегі қызметтердің құндылығын жақсы түсінуге, ал аталған қызмет орындарының иелеріне өздерінің дәретханаларының тазалығы мен жайлылығын сақтауға қосымша мотивация беретін болады.

Дегенмен, еліміздегі дәретхана мәселесін тек мемлекеттік бюджет есебінен ғана шешу мүмкін емес, себебі, бұл жағдай тиімділігі өте төмен болатын, кезекті бөлінген қаражатты өз мақсатында қолданбау науқанына әкелуі мүмкін. Америкалық үлгі бойынша «тазалық патрульдерін» енгізу, мемлекет тарапынан жанармай бекеттері желілерінің иелеріне тиісті тәртіпті қамтамасыз ету бойынша қатаң талаптарсыз жүзеге асырылуы мүмкін емес. Сондықтан, мемлекет оңтайлы шешім табу мақсатында, жанармай құю бекеттеріне арналған тазалық сертификаттарын, яғни, олардың дәретханаларының таза және ашық болуына байланысты айыппұлдар қалыптастыруы қажет.

Айта кететін мәселе, тек дәретханалар салу арқылы жол жиегіндегі қызметтердің қол жетемділігін қалыптастыру мүмкін емес. Алайда, еліміздің жол жиектерінде дамыған елдердегідей дәретханалар салу арқылы тұрғындарымыздың санасына, мұндай қызметтердің салтанат құру мақсатында емес, өмір сүруге қажеттілік екендігін ұғындыру болып табылады", - дейді Фархад Қасенов.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1911233-qazaqstanda-azetxana-revolyuciyasy-nege-oryn-almady-otandyq-sayasattanusy-pikiri/

pixel