Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Сербияда вакцина салдырғандарға 25 еуродан төленбек

Опубликовано:

Фото
Көрнекі фото: NUR.KZ

Сербияда коронавирусқа қарсы вакцина салдырғандарға 3 мың динардан, яғни 25 еуродан төленбек деп хабарлайды "Хабар 24" арнасы.

Бұл туралы осы елдің президенті Александр Вучич жергілікті телеарнаның бірінде мәлімдеді.

Өтемақыны елдегі жасы 16-ға толған, мамырдың соңына дейін екпенің екі немесе 1 дозасын алған кез келген азамат ала алады.

Мемлект басшысының айтуынша, шешім халықты коронавирусқа қарсы екпе салдыруға ынталандыру үшін қабылданған.

Ал ресми дерекке сүйенсек, Сербияда қазірге дейін 1 миллионға жуық адам вакцинаның екі бірдей дозасын алған. Билік мамырдың соңына дейін 3 миллион халық егіледі деп үміттеніп отыр.

Айта кетейік, бұған дейін АҚШ-тың Нью-Джерси штатында коронавирусқа қарсы екпе алған ересек тұрғындарға тегін сыра берілетінін жазған едік.

Бұл туралы штаттың губернаторы Фил Мерфи мәлімдеген. Оның сөзінше, мамыр айында екпе салдырған әрбір ересек адамға бір бокал сырадан беріледі.

"Біз вакцина салдыруға құқығы бар Нью-Джерсидің 21 жастан асқан тұрғындарын ынталандыру үшін "екпе және сыра" бағдарламасын іске қосамыз", - дейді Мерфи.

Азаматтар екпе салдырғаннан кейін вакцинация сертификатын акцияға қатысып жатқан сыраханалардың біріне көрсетіп, уәде етілген сыраны ала алады.

Одан бөлек, Эстонияда мамандар буаз сиырдың сүтінен коронавирусқа қарсы спрей жасап шығарғанын жазған едік.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1911302-serbiyada-vakcina-saldyrgandarga-25-euro-tolenbek/

pixel