Ақмола облысында жолаушылар 19 жастағы inDriver таксистін өлтіріп кетті деп күдіктелуде
Жарияланған күні:
Ақмола облысында екі ер адам inDriver қосымшасы арқылы шақыртылған 19 жастағы такси жүргізушісін өлтірді деген күдікке ілінді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі өңірлік полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Ведомствоның мәліметінше, 4 мамыр күні Бурабай аудандық полиция бөліміне Щучинсктің 46 жастағы тұрғынынан арыз түскен. Ол 19 жастағы студент ұлын іздеуге көмектесуді сұраған.
Әйелдің сөзінше, 3 мамыр күні сағат 21:00-де жас жігіт үйден қара түсті Mercedes көлігін мініп кетіп, сол күйі байланысқа шықпаған.
Жас жігітті іздеу жұмыстарына полиция бөлімінің жеке құрамы қатысқан. Бірнеше уақыттан кейін Щучинсктегі үйлердің бірінің маңынан автокөлікті тапқан.
Осыдан кейін полицейлер "Кісі өлтіру" бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу бастаған. Көп ұзамай ауданның 20 және 22 жастағы екі тұрғыны қолға түскен. Олар қылмысын мойындап, жас жігіттің денесін қайда жасырғанын көрсеткен.
Сонда-ақ, тәртіп сақшылары студент бос уақытында таксист болғанын анықтаған. Күдіктілер марқұмды inDriver қосымшасы арқылы шақырған.
716.kz-тің жазуынша, алдын ала деректерге сәйкес, екі жігіт көлікті ұрламақ болған. Жоспарланған қылмыс орнына дейн олар таксимен жетпек болған. Алайда жүргізуші олардың мас екенін көріп, жеткізіп салудан бас тартқан.
"Сөзден-сөз туып, оның арты төбелеске ұласқан. Достардың бірі жүргізушіні қылқындырып, екіншісі басынан шыны бөтелкемен ұра бастаған. Ол сынып кеткен кезде, бөтелкенің шишасымен жас жігітті мойнынан жарақаттаған", - деп жазады басылым.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1911317-aqmola-oblysynda-zolausylar-19-zastagy-indriver-taksistin-oltirip-ketti-dep-kudiktelude/
Егер сіздің лақапатыңыз ережелердің талаптарына сәйкес келмесе, оны 4 қазанға дейін өзгертіңіз. Әйтпесе, ол автоматты түрде ауыстырылады.