Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

SANTO фармацевтикалық компаниясы әлеуметтік жобаға қатысуға шақырады

Опубликовано:

Фото
Фото: Петр Карандашов

Пандемия қазақстандықтар өмірінің барлық салаларына түзетулер енгізді, соның ішінде ел тұрғындары үшін маңызды есте қаларлық оқиғалар үшін де кедергілер пайда болды. Солардың бірі, республика азаматтары дәстүрлі түрде Мәңгілік полк шеруімен атап өтетін Жеңіс күні мейрамы, деп хабарлайды NUR.KZ.

Ұлы Отан соғысы өз ізін және ұмытылмас қайғы-қасіретін қалдырып әр үйге келді. Іс жүзінде әр отбасыда есте қалатын оқиға мен мақтан тұтатын батырлар бар. Көптеген қазақстандықтар үшін ҰОС отбасы тарихында қаралы күндермен жазылған.

Дегенмен, Жеңіс күні – бұл миллиондаған халықтың мерекесі. Бақыт пен қуаныш, қайғы мен мұн мерекесі, бірақ ең бастысы – бұл адамдардың ерлігіне тағзым ету күні.

Біздің еліміз майданды азық-түлік, дәрі-дәрмек, оқ-дәрі және жеке қатысумен қамтамасыз ете отырып, Ұлы Жеңіске жетуге үлкен үлес қосты. Біздің ата-бабаларымыз бүгін біз, олардың ұрпақтары, бейбіт елде өмір сүруі үшін өз өмірлерін аямай, фашизмге қарсы тайсалмай қарсы шығып шайқасқан.

Өкінішке орай, биылғы жағдай тағы да қала көшелерінде Мәңгілік полк шеруін өткізіп, ата-бабаларымызды еске алуға мүмкіндік бермейтіні анық. Алайда бүгінгі таңда қазақстандықтар тарихты ұрпақтан-ұрпаққа жеткізіп қана қоймай, қаза тапқан туыстары мен жақындарына алғыс білдіре алады немесе оларды мәңгі есте сақтай алады.

SANTO фармацевтикалық компаниясы әлеуметтік жобаға қатысуға шақырады. Бұл жобаның аясында кез-келген адам ардагер, ҰОС қатысушысы немесе тыл еңбеккері, бейбіт аспан үшін күрескен туыстары туралы айта алады. Жоба ардагерлер туралы баяндайды, бірақ бұл жобаны әлеуметтік ететін жалғыз себеп емес екенін атап өткен жөн: компания қазақстандықтардың жүрек-қан тамырлары ауруларының пайда болу қаупін бағалау үшін тест тапсыруға мүмкіндік бере отырып, еліміздің барлық тұрғындарына қамқорлық етуде. Оны мына жерден>> өтуге болады.

Елімізде вирустық инфекция әлі де өршіп тұрса да, естелікті кейінге қалдыруға болмайды – SANTO компаниясы онлайн-технологияның көмегімен zhurek.info сайтында Мәңгілік Полк шеруін өткізуге мүмкіндік беруге шешім қабылдады.

Әрқайсымыз өзімізді және басқаларды жұқтыру қаупіне ұшыратпай, жақын адамдарымыздың өмір жолы мен ерліктері туралы айта аламыз.

Атап кетсек, 1882 жылдан бері жұмыс істеп келе жатқан SANTO компаниясы да, Чимкент (қазіргі Шымкент –ред. ескертпесі) қаласына көшірілген Мәскеу алкалоид зауытында майданға қажетті ауырсынуды басатын заттар өндірісі реттелген кезде, Ұлы Отан соғысына елеулі үлесін қосты.

Сонымен қатар, көшірілген Киев таңу материалдары зауытының жабдықтары көмегімен жұмысшылар 25 миллион таңғыш пен пакет жасады. Олар да майданға жіберілген болатын.

Соғыс аяқталғаннан кейін ғана химия өнеркәсібі қалпына келтіріліп, дами бастады.

Бүгінгі таңда фармкомпания басқа көзге көрінбейтін жаумен күресіп, коронавирус пен оның салдарын емдеуге арналған дәрі-дәрмектерді мүлдем басқа майданға жеткізеді. Тағы да, тек бірлескен күш пен бірлік арқасында қазақстандықтар, басты санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды сақтай отырып, көптен күткен жеңіске қол жеткізе алады.

Өз денсаулығыңыз бен айналаңыздағы адамдардың, әсіресе денсаулығы ерекше назар аударуды қажет ететін қарт адамдардың денсаулығына қамқорлық жасап, қорғап, сіздің отбасыңыздың батыры туралы онлайн айтып берсеңіз, Мәңгілік Полк шеруіне қатысыңыз.

*PR құқында.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1911328-santo-farmacevtikalyq-kompaniyasy-aleumettik-zobaga-qatysuga-saqyrady/

pixel