Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Отандық ғалым ауызашарда қандай тамақ ішу керектігін айтты

Опубликовано:

kaznmu.kz
Фото: kaznmu.kz

Тағамтанушы, Ұлттық ғылым академиясының академигі Төрегелді Шарманов ораза ұстаған жандарға сәресі мен ауызашуға пайдасы мол тамақ рационын ұсынды деп хабарлайды Qadam.asia.

Академиктің айтуынша, ауызашардың тағамын екі бөліп қарастырған дұрыс.

"Алдымен, 1 шай кесе су және құрмамен ауыз ашып, сосын 1 кесе сорпа ішіп, салат жеген жөн. Бір сағаттан кейін бұқтырылған майсыз ақуызды жеуге болады. Оған ет, тауық еті, балық, жұмыртқа, үрмебұршақ жатады. Сонымен бірге тұтас дәмді жармадан жасалған гарнир, салат, сүт немесе жеміс-жидек десертін тұтынуға болады", - дейді тағамтанушы.

Сонымен қатар Төрегелді Шарманов сәресіге келесідей тамақ рационын ұсынды.

  • 1-2 пісірілген жұмыртқа,
  • 30 грамм тұздалмаған ірімшік,
  • зәйтүн майы қосылған көкөніс,
  • 3-4 дана грек немесе 6-8 дана бадам жаңғағы,
  • 1 шай кесе айран,
  • тұтас дәнді нанның 1-2 тілімі.

"Ауыз бекітерде ағзадағы су мөлшерін ескерген дұрыс. Себебі күн ыстықта көп терлесеңіз, термен бірге ағзадағы микроэлементтер шығып кетуі ықтимал. Ал оны сумен толтырасыз. Күніне 2-2,5 литр су ішіңіз. Суға айран мен сүт те жатады", — дейді академик.

Еске сала кетсек, бұған дейін Қазақ онкология және радиология ғылыми-зерттеу институтының онкологы Ілияс Нұрсейітов қандай тамақ бауырдың қатерлі ісігін тудыруы мүмкін екенін және мәзірден қандай тағамдарды алып тастау керектігін айтып берген болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1911362-otandyq-galym-auyzasarda-qandai-tamaq-isu-kerektigin-aitty/

pixel