Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Түркістан облысында сөйлемді ежіктеп оқитын мұғалім балаларға сабақ берген

Опубликовано:

Мектеп
Фото: Отырар телеарнасы

Түркістан облысы Сарыағаш ауданындағыы мектептердің бірінде сөйлемді ежіктеп оқитын мұғалім орыс тілі мен әдебиетінен сабақ беріп келген. Otyrar.kz журналистері тестілеу кезінде шекті балды әрең жинаған адамға балаларды оқытуға қалай сеніп тапсырғанын анықтады.

БАҚ өкілдерінің қолына сабақтардың бірінде жазылған аудиожазба түскен. Онда мұғалімнің балаларға жазушы туралы оқулықтан үзінділерді буын арқылы оқып тұрғанын естуге болады.

Мұғалімнің Сарыағаш ауданы Ынтымақ ауылындағы Садриддин Айни атындағы №8 орта мектепте жұмыс істейтіні анықталған.

Журналистер сөйлемді әрең оқитын мұғалімнің балаларды қалай үйрететінін білмек болып мектепке барған.

Түсірілім тобы келген кезде мектеп директоры орнында болмапты. Орынбасары оның отбасылық мәселелермен шығып кеткенін айтыпты.

Сондай-ақ даусы естілген педагогтың 1 наурызға дейін жұмыс істеп, декретке шығып кеткені анықталған.

Журналистер кадрлық шешімдерді директор немесе аудандық білім бөлімі қабылдайтынын айтады.

Алайда аудандық білім бөліміндегілер мектептегі педагогтарға қатысты барлық жауапкершілік директорға жүктелгенін айтты. Мұғалімді жұмысқа алу не алмау жөнінде шешімді директордың өзі ғана қабылдайды екен.

Одан бөлек, білім бөлімінің дерегінше, вакансия болса порталда хабарлануы керек. Содан кейін ниет білдіргендер тестілеуден өтеді.

Егер ол тестілеуден өтсе, жұмыс іздеушімен әңгімелесу жүргізіліп, нәтижесінде комиссия мүшелері мұғалімді жұмысқа қабылдау-қабылдамау туралы шешім шығарады.

Комиссия төрағасы ретінде мектеп директоры отырады, сондай-ақ оның құрамына ата-аналар комитетінің өкілдері мен белсенділер кіреді.

Басылымның жазуынша, декретке кеткен педагог шекті 50 балды әрең жинап, тестілеуден өткен.

Сондай-ақ журналистер педагогтің "орыс тілі және әдебиеті" мамандығы бойынша жоғары білім туралы дипломы бар екенін айтады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1911377-turkistan-oblysynda-soilemdi-ezektep-oqityn-mugalim-balalarga-sabaq-bergen/

pixel