Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Вакцинадан кейін бала көтеруге болмайды": Ақпарат қаншалықты рас

Опубликовано:

Фото
Көрнекі фото: NUR.KZ

Telegram мессенджерінде "коронавирусқа қарсы вакцина жүкті әйелдер үшін аса қауіпті" деген хабарламалар тарап, көпшіліктің талқысына түсіп жатыр. Жазба авторының сөзінше, аталған екпе құрсаққа біткен баланы мутантқа айналдырады екен. Алайда Stopfake.kz басылымы бұл ақпараттың шындыққа жанаспайтынын мәлімдеді.

Қазіргі уақытта Қазақстанда COVID-19-ға қарсы екі вакцина салынып жатыр.

Олар:

  • ресейлік "Спутник-V",
  • қазақстандық QazVac.

Басылым мәліметінше, аталған вакцинаның ешқайсысы жүкті әйелдерде сыналмаған.

Сондықтан екпе әзірлеушілерде оның бала көтерген әйелдерге қалай әсер ететіні туралы мәліметтер жеткіліксіз.

"Дегенмен "Спутник-V буаз жануарларда сыналды. Вакцина ұрғашы жануарға да, төлге де теріс әсер етпеген. Осы мәліметтерге сүйене отырып, мамандар бала тууды жоспарлағандарға вакцинациядан кейін екі-үш апта күтуге кеңес береді", - делінген хабарламада.

"Сптуник-V" препаратын жасап шығарған Гамалей атындағы Ұлттық эпидемиология және микробиология ғылыми-зерттеу орталығының директоры Александр Гинцбург вакцинаның репродуктивті денсаулыққа еш әсер етпейтінін атап өтті.

Америка Құрама Штаттары ауруларды бақылау және алдын алу орталығының ресми сайтында бала тууды жоспарлаған адамдар вакцина ала алады деп жазылған.

"Қазіргі кезде вакциналардың, соның ішінде коронавирусқа қарсы препаратты фертильділікпен немесе жүктілікпен проблемалар тудыруы мүмкін екендігіне ешқандай дәлел жоқ. Біз бұған дейін COVID-19 қарсы вакциналар адамдардың ДНҚ-ын өзгертіп, мутант пен жартылай роботтарға айналдыруы мүмкін деген мифті жоққа шығарған болатынбыз", - делінген хабарламада.

Фото
Фотоф: Stopfake.kz

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1911430-vakcinadan-keiin-bala-koteruge-bolmaidy-aqparat-qansalyqty-ras/

pixel