Коронавирус: Елорданың бас санитарлық дәрігерінің жаңа қаулысы шықты
Жарияланған күні:
Нұр-Сұлтан қаласының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің ресми сайтында елорданың бас санитарлық дәрігерінің жаңа қаулысы шықты.
Оған сәйкес, бұқаралық, еске алу, отбасылық іс-шараларды оның ішінде үйде ауызашар, банкет, үйлену тойы, мерейтой, еске алу және т.б. шараларды ұйымдастыруға және өткізуге тыйым салынады.
Бұл ретте Ashyq жобасына қатысатын нысандарда 30 адамнан аспайтын іс-шараларды өткізуге рұқсат.
Сондай-ақ, митингілер, шерулер, жиындар өткізуге және қатысуға тыйым салынады.
Сонымен қатар Ashyq жобасына қатысатын нысандарды қоспағанда, қызметі жаңартылмаған боулинг-орталықтарға, компьютерлік клубтарға, кинотеатрларға, бильярдқа, караокеге, кинорумдар мен батуттарға, түнгі клубтарға, букмекерлік кеңселер мен ойын клубтарына, оның ішінде жабық үй-жайлардағы лотереяларға, балалар ойын орталықтарына, балалар ойын бөлмелеріне, ойын алаңдары мен аттракциондарға, оның ішінде спорт нысандарынан тыс орналасқан мұз және роликті мұз айдындарына баруға тыйым салынады.
Сауда-ойын-сауық орталықтары, сауда үйлері, сауда орталықтары жұмыс күндері сағат 10:00-ден 22:00-ге дейін жұмыс істей алады. Дегенмен аталмыш нысандардың жұмысына сенбі және жексенбі күндері тыйым салынады.
Ал вакцинация пункті орналасқан сауда-ойын-сауық орталықтарына жұмыс және демалыс күндері сағат 8:00-ден 22:00-ге дейін жұмыс істеуге рұқсат.
Фудкорттардың қызметіне келер болсақ, Ashyq жобасына қатысушыларды қоспағанда, фудкорттар тамақты жеткізіп беру және шығару қызметі бойынша жұмыс істейді.
Жаңа қаулымен толығырақ сілтеме арқылы таныса аласыз.
Қаулы 7 мамыр сағат 00:00-ден бастап күшіне енеді.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1911469-elordanyn-bas-sanitarlyq-darigerinin-zana-qaulysy-syqty/