Қазақстан Үндістанға гуманитарлық көмек жібереді
Опубликовано:

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев премьер-министр Асқар Маминді қабылдап, Үндістан еліне көмек көрсетуді тапсырды. Бұл туралы мемлекет басшысының баспасөз хатшысы Берік Уәли өзінің ресми Facebook парақшасында хабарлады.
"Үндістандағы санитарлық-эпидемиологиялық жағдайдың күрт нашарлауына байланысты Мемлекет басшысы Үкіметке аталған елге 6 миллион медициналық маска, 400 мың респиратор, 50 мың обаға қарсы арнайы киім және елімізде өндірілген 105 жасанды жолмен дем беру аппараттарын гуманитарлық көмек ретінде жіберуді тапсырды", - делінген хабарламада.
Еске сала кетейік, Үндістан бүгінде коронавирус жұқтырудың бір күндік көрсеткіші бойынша әлемдік рекорд орнатуда. Қауіпті дертке шалдыққан науқастар саны 400 мыңнан асып түседі.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1911522-qazaqstan-undistanga-gumanitarlyq-komek-ziberedi/