jitsu gif branding logo appbranding logo app

Павлодар тұрғыны қаланың қақ ортасында асфальт астына түсіп кетті (видео)

Павлодар тұрғыны асфальт астына түсіп кетті
Видеодан кадр: instagram.com/tipavlo.dar

Павлодарда жұмысқа бара жатқан ер адам асфальт астына түсіп кетті. Азамат қаланың қақ ортасында орналасқан Назарбаев даңғылында ойылған жерге құлаған. Ол желіде оқиға орнынан видео жариялады. Қала тұрғыны өзі зардап шекпеген. Алайда, ұялы телефонын зақымдаған. Орын алған жағдайға қатысты Павлодар әкімдігінің баспасөз қызметі пікір білдірді деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Әлеуметтік желіде жарияланған бейнежазбаға сәйкес, ер адам Назарбаев даңғылы мен Чокин көшесінің қиылысында жер астына түсіп кеткен.

Қала тұрғыны өзі зардап шекпеген. Алайда, оқиға нәтижесінде қалтасында болған ұялы телефондарының бірі енді қолдануға жарамсыз болып қалғанын айтты. Оның сөзінше, смартфон екіге бөлініп қалған.

Бұл жайт бірден павлодарлықтардың наразылығын тудырды. Бірі көшелердің таза емес екенін, жарық тартылмағанын айтса, енді бірі бағдаршам жұмысындағы ақауға назар аударды.

Арасында зардап шеккен павлодарлыққа жауапты адамдарды сотқа тартып, моральдық және метериалдық залалды өндіріп алуға кеңес бергендер де болды.

Павлодар әкімдігінің баспасөз қызметі орын алған жағдайға қатысты пікір білдіріп, оның себебін түсіндірді.

"2021 жылдың 6 мамырында гидравликалық сынақ жүргізу кезінде диаметрі 219 мм жылумен жабдықтау желісінің бүлінгені анықталды. Соған байланысты Назарбаев даңғылындағы жаяужолдың астындағы топырақ шайылған, содан шұңқыр пайда болған. Қазір құлаған жерге қоршау қойылды. Коммуналдық қызмет топырақтың қаншалықты шайылғанын анықтау үшін осы учаскедегі жаяужолды тексереді. Содан кейін қалпына келтіріледі", - деді әкімдік өкілдері.

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.