Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Өткен тәулікте 2587 жағдай: Қазақстанда коронавирус жұқтырғандар саны 340 мыңнан асты

Опубликовано:

індет11
Көрнекі фото: NUR.KZ/Петр Карандашов

Елімізде өткен тәулікте коронавирус жұқтырған тағы 2587 адам тіркелген. Осылайша, қазіргі уақытта Қазақстанда COVID-19 инфекциясы анықталғандар саны 340 239-ға жетіп отыр деп хабарлайды coronavirus2020.kz.

Аймақтар бойынша:

Нұр-Сұлтан қаласы - 477,

Алматы қаласы - 646,

Шымкент қаласы - 115,

Ақмола облысы - 135,

Ақтөбе облысы - 89,

Алматы облысы - 186,

Атырау облысы - 82,

Шығыс Қазақстан облысы - 94,

Жамбыл облысы - 65,

Батыс Қазақстан облысы - 142,

Қарағанды облысы - 246,

Қостанай облысы - 24,

Қызылорда облысы - 33,

Маңғыстау облысы - 57,

Павлодар облысы - 127,

Солтүстік Қазақстан облысы - 32,

Түркістан облысы - 37.

Еске сала кетсек, үкіметтің онлайн отырысында денсаулық сақтау министрі Алексей Цой қазіргі вакцинацияны ескере отырып, коронавирусқа қатысты жаңа болжамымен бөлісті.

"Оптимистік сценарий бойынша – егер вакцинация кестеге сәйкес жалғасатын болса, бір тәулікте 3 мыңға дейін жұқтырғандар (коронавирус-ред.) тіркеліп, сәуір айының соңында шарықтау шегіне жетеді деп күтілуде. Реалистік сценарий бойынша – бір тәулікте жұқтырғандар 4 мыңға дейін тіркеліп, мамырдың ортасында шарықтау шегіне жетуі мүмкін", – дейді министр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1911556-otken-taulikte-2587-zagdai-qazaqstanda-koronavirus-zuqtyrgandardyn-sany-340-mynnan-asty/

pixel