RU

Соғыс кезінде берілген орден 77 жылдан кейін майдангердің отбасына табысталды

орден табыстау
Фото: 24.kz

Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде жамбылдық батыр Рахымберді Досмұхамбетовке берілген «Александр Невский» ордені 77 жылдан кейін майдангердің отбасына табысталды деп хабарлайды 24.kz.

Аталған төсбелгі 1944 жылдың 6 ақпанында берілген екен.

Майдангер 19 жасында Қызыл әскер қатарына шақыртылыпты. Батальонды басқарған ол аға лейтенант әскери шенін иеленген.

28-Невель атқыштар дивизиясының 88-полкі атқыштар ротасының командирі болып, ауыр жарақаттанған сарбаз жарты жыл госпитальде жатып, марапаттары мен құжаттарын жоғалтып алыпты.

Дәрежесі жоғары орден жарты ғасыр бойы Румыния астанасы Бухарест мұражайында сақталған. Құжаттар ішінен медальдің қосымшасы мен орден кітапшасы табылды. Жазбада жауынгердің жанкештілігі, өмір жолы туралы да тың деректер келтірілген.

Батырдың өзі 1991 жылы өмірден өткен. Құнды орден оның немересі Бауыржан Досмұхамбетовке мереке қарсаңында табыс етілді. 

"Бұл ерекше оқиға деп айтар едім. Бұл ел-жұрт болып қуанып жатырмыз. Оның ішінде біздің соғыс ардагерлері соғыс жылдарындағы біздің ата-бабаларымыздың ерлігін паш ету, оларды түсіндіру, айту соларға қарап тәрбиелеу жастарды бұл ең маңызды шара", - дейді Жамбыл облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Еркінбек Солтыбаев.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1911611-sogys-kezinde-berilgen-orden-77-zyldan-keiin-maidangerdin-otbasyna-tabystaldy/