Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қауіп сейілмей тұр: Қазақстанда соңғы бір тәулікте тағы 2350 адам КВИ жұқтырған

Опубликовано:

Дәрігерлер
Көрнекі фото: Getty Images

Елімізде өткен тәулікте коронавирус жұқтырған тағы 2350 адам тіркелгені белгілі болды. Осылайша, қазіргі уақытта Қазақстанда COVID-19 инфекциясы анықталғандар саны 342 589-ға жетіп отыр деп хабарлайды coronavirus2020.kz.

Аймақтар бойынша:

Алматы қаласында - 59794 (+637),

Нұр-Сұлтан қаласында - 48799 (+324),

Шығыс Қазақстан облысында - 25675 (+103),

Қарағанды облысында - 25531 (+249),

Алматы облысында - 22981 (+208),

Атырау облысында - 22556 (+74),

Павлодар облысында - 21888 (+121),

Батыс Қазақстан облысында – 20367 (+120),

Ақмола облысында – 19507 (+136),

Қостанай облысында - 14940 (+24),

Солтүстік Қазақстан облысында - 14169 (+15),

Шымкент қаласында - 10216 (+85),

Ақтөбе облысында - 9909 (+60)

Жамбыл облысында - 8426 (+72),

Маңғыстау облысында - 6108 (+35),

Қызылорда облысында - 6038 (+52),

Түркістан облысында - 5685 (+35) адам қауіпті вирус жұқтырған.

Естеріңізге сала кетсек, бұған дейін мемлекет басшысы премьер-министр Асқар Маминді қабылдаған болатын.

Қасым-Жомарт Тоқаевқа санитарлық-эпидемиологиялық ахуал, халыққа вакцина салу барысы, сондай-ақ, еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуының өзекті мәселелері туралы баяндалды.

Асқар Мамин еліміздегі санитарлық-эпидемиологиялық жағдайдың тұрақтанғанын айтты. Ол COVID-19 індетінің таралу қарқыны бойынша Қазақстанның «қызыл» аймақтан «сары» аймаққа өткенін атап өтті. Азаматтарды вакциналау қарқыны артып келеді. 1 миллион 565 мың адамға бірінші компонент салынса, 460 мың адамға екінші компонент егілген. 1 сәуір мен 5 мамыр аралығында тәуліктік вакцина салу қарқыны 12,6 есе өскен. Кеше Қазақстанда 140 мыңға жуық адам вакцина салдырған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1911634-qauip-seiilmei-tur-qazaqstanda-songy-bir-taulikte-tagy-2350-adam-kvi-zuqtyrgan/

pixel