Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Коронавирус: Қазақстанның қай өңірлері әлі де «қызыл» аймақта тұр

Опубликовано:

қызыл аймақ
Көрнекі фото: 24.kz

Денсаулық сақтау министрлігіне қарасты қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығының ресми сайты ел өңірлеріндегі эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасын жария етті деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

2021 жылғы 9 мамырдағы жағдай бойынша, «қызыл» аймақта Нұр-Сұлтан, Алматы қалалары, Ақмола, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Павлодар облыстары тұр. ⠀

«Сары» аймақта Шымкент қаласы, Алматы, Атырау, Ақтөбе, Шығыс Қазақстан, Қызылорда облыстары бар. ⠀

Ал «жасыл» аймақта Жамбыл, Маңғыстау, Түркістан, Қостанай және Солтүстік Қазақстан облыстары орналасқан.

Естеріңізге сала кетсек, елімізде өткен тәулікте коронавирус жұқтырған тағы 2350 адам тіркелгені белгілі болды.

Осылайша, қазіргі уақытта Қазақстанда COVID-19 инфекциясы анықталғандар саны 342 589-ға жетіп отыр.

Сонымен қатар, бұған дейін мемлекет басшысы премьер-министр Асқар Маминді қабылдаған болатын.

Қасым-Жомарт Тоқаевқа санитарлық-эпидемиологиялық ахуал, халыққа вакцина салу барысы, сондай-ақ, еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуының өзекті мәселелері туралы баяндалды.

Асқар Мамин еліміздегі санитарлық-эпидемиологиялық жағдайдың тұрақтанғанын айтты. Ол COVID-19 індетінің таралу қарқыны бойынша Қазақстанның «қызыл» аймақтан «сары» аймаққа өткенін атап өтті.

Азаматтарды вакциналау қарқыны артып келеді. 1 миллион 565 мың адамға бірінші компонент салынса, 460 мың адамға екінші компонент егілген. 1 сәуір мен 5 мамыр аралығында тәуліктік вакцина салу қарқыны 12,6 есе өскен. Кеше Қазақстанда 140 мыңға жуық адам вакцина салдырған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1911654-koronavirus-qazaqstannyn-qai-onirleri-ali-de-qyzyl-aimaqta-tur/

pixel