Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматыдағы зираттарға 11 мамырдан бастап баруға рұқсат етілді

Опубликовано:

зират14
Көрнекі фото: pixabay.com

Алматыдағы зираттар 11 мамырдан бастап көпшілік үшін ашық болады. Бұл ақпаратты Алматы қаласы санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Сәдуақас Байғабылов растады деп хабарлайды ҚазАқпарат.

"Иә, 11 мамырда қаладағы зираттар көпшілікке үшін ашық болады”, - деп жауап берді Сәдуақас Байғабылов.

Бұған дейін Алматы қалалық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы, қаланың бас мемлекеттік санитар дәрігері Жандарбек Бекшин Алматыдағы зираттар 1-10 мамыр аралығында жабық болатынын мәлімдеген еді.

"Біз дәл осы күндері зираттарға баруды шектеу туралы шешім қабылдаймыз", - деген болатын Жандарбек Бекшин.

Айта кетейік, биыл ата-ана күні 11 мамырға сәйкес келеді. Бұл қайтыс болғандарды еске алу күні. Бұл рәсім Пасхадан кейін атап өтіледі.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1911732-almatydagy-zirattarga-11-mamyrdan-bastap-baruga-ruqsat-etildi/

pixel