Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ақтауда телефонын жөндетуге барған бойжеткен полиция шақыруға мәжбүр болды (видео)

Опубликовано:

ұялы
Көрнекі фото: pixabay.com

Ақтауда кассир мен клиент арасында жанжал шықты. Оған сапасыз жөнделген телефон себеп болған деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

6 мамырда Камилла есімді бойжеткен смартфонын 26-шағын аудандағы салондардың біріне жөндетуге апарған. Одан жөндеп қою үшін телефонды қалдырып кетуді өтінген. Сол күні бойжеткен телефонын алып кетуге келіп, 15 мың теңге төлеген.

Жетінші мамырда телефоны қайта істемей қалған. Ол телефонды жөндеген жерге хабарласқан, олар сағат 11 шамасында келуді сұраған. Ол келген соң кассир тағы жарты сағат күту қажет екенін айтқан.

"Телефонды жөндетуге екі күнім кетті, екі рет келуге қаражат жұмсадым. Тіпті мен талап еткен фискалды түбіртек те берілмеді. Кассир әу бастан-ақ өзін дөрекі ұстады, жөндеу жұмысы үшін түбіртек бермейтіндерін айтты. Жөндеу жұмыстарымен айналысқан маман әріптестеріне қоңырау шала бастады. Кейін орнынан тұрып, тағы 6 мың теңге төлейсің деді. Айтуынша маған 50% жеңілдік жасап тұр. Мен соған ашуландым", - дейді ақтаулық бойжеткен.

Сол сәтте мамандар телефонын бөлшектеп, қарап жатқан. Содан кейін бойжеткен қызметкерлерден ЖК немесе ЖШС құжаттарын көрсетуді сұраған, себебі болып жатқанның бәрін алаяқтық деп ойлайды. Салон қызметкерлері құжаттарын көрсетпеген.

Содан кейін бойжеткен полицияға хабарласқан. Сол сәтте кассир өзінің ағасы – орталық иесіне хабарласқан.

"Мен олармен сөйлеспедім. Полицияны күтемін деп шештім. Ол жерде санитарлық нормалар сақталмағанын видеоға түсірдім. Менің мәселем шешілмегенін, ақшамды қайтарамағанын, дөрекілігін видеоға түсірдім. Содан кейін кассир мені балағаттай бастады. Кассир телефонымды алып, сындыруға тырысты. Мені ұрмақ болды, қолым көгеріп қалды", - дейді ол.

Оқиға орнына 26-шағын ауданның учаскелік полиция инспекторы барған.

Содан кейін учаскелік инспектор арыз жазуды ұсынған. Алайда ол прокуратураға арыз жазатынын айтып, бас тартқан. Сондай-ақ жедел жәрдем шақырмаған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1911754-aqtauda-telefonyn-zondetuge-bargan-boizetken-policiya-saqyruga-mazbur-boldy-video/

pixel