RU

Еуразиялық банк өз карталарындағы бонусты өсірді

Еуразиялық банк
Фото: Еуразиялық банк

Қажетті зат сатып алған соң бонус ретінде кэшбек алуды қазақстандықтардың әдетке айналдырғанына көп болды. Көпшілік мұны банк карталарының артықшылығы ретінде бағалайды. Өйткені, бонусты қызмет түрлері мен тауар ақыларын төлегенде пайдаланып, қаражатты үнемдеуге болады.

Еуразиялық банк дебеттік карта иегерлерінің қолма-қол ақшасыз жүргізген әрбір транзакциясына берілетін бонус мөлшерінің жоғарылағаны туралы хабарлады. Дәстүрлі бонустық бағдарлама бұдан да тиімдірек болмақ. Ендеше, мұның себептерін анықтайық.

Еуразиялық банк картасының иегерлері қызмет түрлері мен тауар ақысын қолма-қол ақшасыз төлеу арқылы 6,5 пайызға дейін бонус ала алады. Сондай-ақ, серіктестердің акциясы арқылы 20 пайызға дейінгі бонустарды алу мүмкіндігіне ие. Мұндай бонустар 2021 жылдың 11 мамырынан бастап қолжетімді.

Бонусты өз қажетіңізге жаратсаңыз болады. Мәселен, Smarbank қосымшасы арқылы коммуналдық қызметтер немесе ұялы байланыс үшін төлем жасауыңызға, дүкендерден, сондай-ақ, интернет-дүкендерден тауар сатып алуыңызға болады.

Smartbank ұялы қосымшасын орнатып, тіркеуден өткен әрбір карта иегеріне сыйақыға 500 бонус беріледі.

Gold, World жіне Premium (Mastercard Black Edition, Visa Platinum, Visa Infinite) карталарының иегерлеріне әрбір транзакциядан соң сәйкесінше 0,5 және 1 пайыз көлемінде кепілдендірілген бонус аударылады.

Еуразиялық банк клиенттеріне жаңа жалақы картасын пайдаланған үш айдан соң кепілдендірілген бонустар екі есе көлемде беріледі. Мұның барлығын сатып алу және қызмет түрлерін төлеу кезінде пайдалануға болады.

Банк Eurasian Pay, Apple Pay немесе Samsung Pay сервистерінің көмегі арқылы байланыссыз төлем жасауды мақұлдай отырып, бұл қызмет үшін тағы да 2 пайыз бонус қосатынын айта кеткен жөн. Егер картада ақша қалдығын үнемі ұстайтын болсаңыз, сатып алу кезінде тағы да бір пайыз бонус ала аласыз!

Жаңа бонустық бағдарламаны дайындау барысында клиенттердің қалауы үлкен роль ойнады. Мәселен, сүйікті орныңызда төлем жасау арқылы 1 пайыз (Gold, World иегерлері үшін) және 1,5 пайыз (Premium иегерлері үшін) қосымша бонус алуыңызға болады.

Саяхаттауды немесе жолсапарға шығуды жоспарлап отырған қазақстандықтар да жоғары мөлшердегі бонустарды пайдалана алады. Еуразиялық банк мұны да ойластырып қойды. Еubank.onetwotrip.com сайты арқылы билет алып немесе қонақүйлерді броньдау арқылы карта иегерлері тиісінше 3 және 8 пайыз бонус ала алады.

Тағы да бір қызықты сервиспен таныс болыңыздар. Кітап оқығанды ұнататын жандарды smartreading.ru сайтында 20 пайызға дейінгі бонустар күтіп түр, ал eurasia36.kz сайты мен "Еуразия" сақтандыру компаниясының сату нүктелерінде төлем жасау арқылы сенімді түрде 5 пайыз бонус қосып алуға болады.

Тиімді сатып алудың жолдары қиын емес. Бар болғаны картаға тапсырыс беріп, қосымшаны жүктеу қажет немесе қолданыстағы картаңызбен қажетті заттарыңыздың барлығына қолма-қол ақшасыз төлем жасау жеткілікті. Бұл ыңғайлы әрі тиімді, сондай-ақ, қазіргі эпидемиологиялық жағдайда қауіпсіз саналады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1911920-euraziyalyq-bank-oz-kartalaryndagy-bonusty-osirdi/