Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Шөпті жасыл түске бояп жатыр": Түркістан қаласының әкімдігі видеоға қатысты пікір білдірді

Опубликовано:

Видеодағы кадр
Видеодағы кадр: instagram.com/shock_krg

Әлеуметтік желіде Түркістанда түсірілген видео талқыланып жатыр. Кадрларда жұмысшылардың көгалдарға жасыл ерітінді сеуіп жатқаны көрсетілген. Жағдайға қалалық әкімдікте түсініктеме берілді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

"Түркістанда шөпті жасыл түске бояп жатыр. "Бастықтардың" келуін күтуде", – делінген видеоның сипаттамасында.

Видеодағы жағдайды түсіндірген қала әкімдігі онда көгалдарға күтім жасау жұмыстары жүргізіліп жатқан сәт түсірілгенін алға тартты. Ведомствоның хабарлауынша, бұл минералды тыңайтқыштарды қолданудың бір тәсілі болып табылады.

Бұл жағдайда ерітінді сұйық күйінде қолданылады, ал құрамы көгалдардың қалпына байланысты таңдалады. Әдетте азот жетіспесе, шөп сарғайып кетеді.

"Жапырақты қоректендіру – өсімдікті қалпына келтірудің ең жылдам және тиімді әдісі.

Тыңайтқыш ерітіндісінің жасыл түсі сұйық тыңайтқыш енгізілетін жерлер көрінуі үшін маркер ретінде қажет", – деп түсіндірді әкімдікте.

Сондай-ақ, бояудың зиянсыз екендігіне және 10-15 күн ішінде толығымен ыдырайтындығына баса назар аударылды.

Оған қоса, сұйық минералды тыңайтқыштармен қоректендіруді бүрку арқылы жасау керек екені де белгілі болды.

Бұл жағдайда мердігер аталған технология ережесін бұзып, қолда бар құралдарды – еден жуғышты қолданған. Мердігерге қатысты жаза қолданылмақ.

Еске салсақ, бүгін Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Түркістанға іссапармен келді. Бұл туралы Елбасы баспасөз хатшысы Айдос Үкібай өзінің Twitter-дегі ресми парақшасында хабарлады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1911947-sopti-zasyl-tuske-boyap-zatyr-turkistan-qalasynyn-akimdigi-videoga-qatysty-pikir-bildirdi/

pixel