Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Олар бірге болғысы келді": Әсел Айтпаеваның өліміне күдіктінің адвокаты мәлімдеме жасады

Жарияланған күні:

Фото
Фото: instagram.com/assel_ayt

26 жастағы қазақстандық Әсел Айтпаеваны өзін өзі өлтіруге итермелеп, зорлады деп күдіктелген Грузия азаматы Бесик Тордуаның қорғаушысы мәлімдеме жасады. Ол Бесік пен Әселдің қарым-қатынасында ешқандай зорлық-зомбылық болмағанын айтты.

Адвокат Лаша Шукакидзе Sputnik Грузия басылымына сұхбат беріп, оқиға бойынша өз нұсқасын айтты.

Еске сала кетсек, 5 мамырда 26 жастағы қазақстандық Әсел Айтпаева Тбилисидегі үйлердің бірінің терезесі маңынан өлі күйінде табылған еді.

Кейінірек Грузияның 57 жастағы азаматы қамауға алынды. Елдің бас прокуратурасы оған қызды зорлап, өзін-өзі өлтіруге итермеледі деген айып таққан. Егер оның кінәсі дәлелденсе, онда ол алдағы 10 жылын колонияда өткізуі мүмкін.

Дегенмен күдіктінің қорғаушысы оны Әселдің өліміне кінәлі емес деп есептейді.

"Бұл ақылға сыймайтын айып, менің қорғалушым марқұммен жақсы қарым-қатынаста болды, тіпті оған үйленбек ниетте болған. Олардың бірге болғысы келгендерін және қарым-қатынастарында ешқандай зорлық болмағанын растайтын айғақ бар.
Айыптаудың Бесоға қарсы ешқандай дәлелі жоқ. Олардың нұсқасы - сөйлесудің жазылуы болып отыр. Бірақ егер сіз оның түпнұсқасын тыңдасаңыз, онда Бесоның байсалды түрде сөйлеп жатқанын түсінесіз. Оның сөйлеу мәнерінде зорлық жоқ", - дейді Шукакидзе.

Айта кетсек, сөз болып отырған жазба желіде жарияланған болатын. Аудиожазбада ер адамның қызға қоқан-лоққы жасағаны естіледі.

Адвокаттың сөзінше, Әсел Бесиктің үйіне 30 сәуір күні өз еркімен көшіп барған. Сондай-ақ ол ер адам мен қыздың арасында түсініспеушілік болмағанын растайтын куәгерлер бар екенін де айтты.

"Қыздың оның үйіне көшуі Әселдің бастамасымен және өтінішімен болды. Мұрат, яғни оның әпкесінің күйеуі оны екі күн бойы зорлаған. Ол Бесоға бұл туралы 30 күні мойындаған. Кешке қарай Руставиге оралған кезде Бесо оған Руставиде қалатынын айтқан, өйткені ол коменданттық сағат салдарынан Тбилисиге қайтып орала алмайтын болған. Сол кезде Әсел қайтып оралғысы келмейтінін, өзін Мұраттың зорлайтынын мойындаған", - дейді адвокат.

Шукакидзенің сөзінше, Тордуа қызға Тбилисиде қалу немесе Руставиде пәтер жалдау секілді нұсқаларды ұсынған. Алайда ол ер адаммен бірге қалуды жөн көрген.

Сонымен бірге, қорғаушы Тодуаның полицияға жүгініп, зорлау туралы ақпарат бергісі келгенін, бірақ Әселдің учаскеге барғысы келмегенін айтады.

Заңгердің айтуынша, Бесик Мұратты соққыға жығып, оны Грузиядан кетуге мәжбүрлеген.

"Ол оған Қазақстанға билет сатып әперіп, әуежайға апарған", - дейді Шукакидзе.

Одан бөлек, қорғаушы Әселдің психологиялық проблемалары мен суицид жасауға бейім болғанын мәлімдеген.

Ұсталған адамның қорғаушысы бұлтартпау шарасына қатысты шағым түсірмек. Бұған дейін сот отырысы болғанша ер адамның қамауда отыратыны хабарланған болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1912006-olar-birge-bolgysy-keldi-asel-aitpaevanyn-olimine-kudiktinin-advokaty-malimdeme-zasady/