Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Түркиялық жүргізуші Қазақстанда аударылып қалған фурасының жанында екі апта өмір сүрген (видео)

Жарияланған күні:

фура
Видеодан кадр: Ақтөбе облысы ПД

Сәуір айының ортасында Ақтөбе-Болгарка-Шұбарқұдық тас жолында, Ақтөбе облысы Ақсай ауылының маңында шетел азаматы басқарған жүк көлігі аударылып қалған. Түркиядан Қырғызстанға дәрі-дәрмек әкеле жатқан Экрем Альптекин көлікті басқара алмай, апатқа ұшыраған. Оған полицейлер қол ұшын беріпті деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі өңірлік полиция департаментіне сілтеме жасап.

Түркия азаматы жол апатынан кейін фураның жанында қалып, оның әріптесі басқа көлікпен Қырғызстанға кеткен. Экрем екі апта бойы оның Қазақстанға келуін күткен.

Осы уақытта Ақсай ауылының инспекторы Абылай Тажин жүкті күзетуді қамтамасыз етіп, жүргізушіге су, тамақ әкеліп, тіпті оны түскі асқа үйіне әкетіп отырған. Сондай-ақ полицей көліктің жанына тәулік бойы тұруға болатын дүңгіршек қойып берген.

Оқиға орнына Темір аудандық полиция бөлімінің басшысы Нұсқабек Зауланбаев та келіп, жағдайды жеке өзі бақылаған.

Жүргізушінің әріптесі келгеннен кейін олар Ақтөбеге кеден бекетіне мөрді ашуға рұқсат сұрап барған. Содан кейін тапсырыс берушінің көзінше дәрі-дәрмек басқа көлікке тиеліп, Бішкекке жіберілген.

Осыдан кейін полицей кранмен қамтамасыз етіп, аударылып қалған фураны көтерген. Ал Экрем Альптекин Түркияға кеткен. Жақында ғана ол Абылай Тажинге видеоүндеу жолдапты.

"Біздің ақтөбелік полицейлерге айтар алғысымыз шексіз. Біз мұны ешқашан ұмытпаймыз", - дейді Экрем.

Еске сала кетсек, бұған дейін Ақтөбе облысында мотоцикл тізгіндеген ер адам велосипед айдап бара жатқан он жасар баланы қағып кеткенін жазған едік.

Оқиға Байғанин ауданындағы Қарауылкелді ауылында болған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1912117-turkiyalyq-zurgizusi-qazaqstanda-audarylyp-qalgan-furasynyn-zanynda-eki-apta-omir-surgen-video/