RU

Биыл бітіруші сыныптар емтихан тапсыра ма: Министрлік жауап берді

Көрнекі
Көрнекі фото: pixabay.com

9 және 11 сыныптарды қорытынды аттестаттаудан босатуды сұраған депутат Жұлдыз Сүлейменованың үндеуіне білім және ғылым министрлігі жауап қатты деп хабарлайды zakon.kz.

"Кейінге қалдырылмайды", - деп атап өтті білім және ғылым министрлігінің баспасөз қызметі.

Естеріңізге сала кетейік, осыған дейін депутат Жұлдыз Сүлейменова мәжілістің жалпы отырысында министрлер кабинетінен коронавирус пандемиясына байланысты бітіруші сыныптар үшін қорытынды емтихан өткізбеуді өтінді.

Жұлдыз Сүлейменова мұндай тәжірибенің өткен жылы, пандемия енді басталған кезде қолданылғанын еске салды. Сол уақытта бітірушілерге жылдық баға негізінде қорытынды баға қойылған болатын.

"2021 жылдың 28 мамырынан бастап 9 және 11 сыныптар үшін қорытынды аттестациялау басталады. Ғимараттарда оқушылар, педагогтар мен техникалық қызметкерлер жаппай жиналады. Бұл емтихандардың 2-ден 5 сағатқа дейін созылуымен байланысты. Сондай-ақ 2021 жылы елде 9 сыныпта оқитын 264 469 оқушы үш емтихан тапсырады және оған қосымша 11 сыныпта оқитын 154 816 оқушы 4 емтихан тапсырады.

Жалпы алғанда 400 мыңнан астам оқушының коронавирус инекциясын жұқтыру қаупі бар", - дейді премьер-министрдің орынбасары Ералы Тоғжановқа сауал жолдаған депутат.

Осыған байланысты ол 9 және 11 сынып оқушылары үшін қорытынды аттестациялауды өткізбей, 2020-2021 оқу жылының жылдық бағасын қортынды баға ретінде қоюды ұсынды.

Осы ретте Сүлейменова аттестациялау нәтижелері оқушылардың жоғары оқу орындарына түсуіне ешқандай әсер етпейтінін атап өтті. Ол сонымен қатар 9 және 11 сынып оқушылары үшін дәстүрлі форматтағы соңғы қоңырауды өткізбеуді ұсынды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1912130-biyl-bitirusi-synyptar-usin-emtixannyn-bolmaityny-ras-pa-ministrlik-pikir-bildirdi/