Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстан бірқатар бағыт бойынша халықаралық рейстер санын арттырады

Опубликовано:

Ұшақ
Көрнекі фото: piqsels.com

Қазақстан Республикасының аумағында коронавирус инфекциясының пайда болуы мен таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның шешімімен бірқатар бағыт бойынша тұрақты халықаралық рейстерді ашуға және көбейтуге рұқсат етілді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қазақстан Республикасының аумағында коронавирус инфекциясының пайда болуы мен таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның 2021 жылғы 6 мамырдағы шешіміне сәйкес, Черногория, Біріккен Араб Әмірліктері (БАӘ), Қырғызстан, Өзбекстан және Нидерланды бағыттары бойынша тұрақты халықаралық әуе рейстерін келесі бағыттар бойынша ашуға және ұлғайтуға рұқсат етілді:

  • Черногория: - 2021 жылғы 15 мамырдан бастап Қазақстан тарапы үшін аптасына 5 рейспен Алматы-Подгорица-Алматы және Қазақстан тарапы үшін аптасына 3 рейспен Нұр-Сұлтан-Подгорица-Нұр-Сұлтан бағыттары бойынша жолаушылар рейстері ашылады.
  • БАӘ: - 2021 жылғы 10 мамырдан бастап Алматы-Дубаи-Алматы бағытында тұрақты рейстер санын әр тарап үшін аптасына 5-тен 7 рейске дейін және Нұр-Сұлтан-Дубаи-Нұр-Сұлтан бағытында әр тарап үшін аптасына 3-тен 5 рейске дейін ұлғайтылады.
  • Қырғызстан: - 2021 жылғы 15 мамырдан бастап Қазақстан тарапы үшін аптасына 7 рейспен Алматы-Тамшы-Алматы бағытында жолаушылар рейстері ашылады.
  • Өзбекстан: – 2021 жылғы 15 мамырдан бастап әр тарап үшін аптасына 2 рейспен Алматы-Самарқанд-Алматы бағытында жолаушылар рейстері ашылады.

Сонымен қатар, 2021 жылғы 20 мамырдан бастап "Эйр Астана" АҚ-ның Атырау-Франкфурт-Атырау бағытындағы рейстерін кезең-кезеңмен Атырау-Амстердам-Атырау бағытындағы рейстерге ауыстыруына рұқсат етілді. Басында 1 рейспен, әрі қарай Нидерланд тарапынан шектеулердің алынып тасталуына қарай 2 рейске дейін арттыру көзделеді.

Рейстер санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды қатаң сақтай отырып және әуе компанияларының сайттарында жарияланған кестеге сәйкес орындалады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1912186-qazaqstan-birqatar-bagyt-boiynsa-xalyqaralyq-reister-sanyn-artyrady/

pixel