Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматы облысында полицейлер марқұм әріптесінің сәбиін перзентханадан шығарып алды (фото)

Опубликовано:

Алматы облысы полиция
Фото: Алматы облысы ПД баспасөз қызметі

Алматы облысының полицейлері мезгілсіз дүниеден өткен әріптесінің жаңа туған сәбиі мен жұбайын перзентханадан шығарып алуға барды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі облыстық полиция департаментіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, Ескелді ауданы жергілікті ювеналды полицияның жасөспірімдер ісі бойынша тобының учаскелік инспекторы, полиция капитаны Қуаныш Рахметов былтыр қыркүйекте қайтыс болған. Артында төрт баласы мен аяғы ауыр келіншегі қалыпты.

полиция
Фото: Алматы облысы ПД баспасөз қызметі
«Өкінішке қарай, әріптесіміз өмірден ерте кетті, 38 жасында көз жұмды. Қуаныш Қайрылқанұлы ішкі істер органдарында 2005 жылдан бері қызмет етті, сол уақытта оның білімді, сыпайы, қарапайым, мейірімді қызметкер екеніне көзіміз жетті. Ол біздің жүрегімізде мәңгі сақталады.

Біз жақын адамыңды жоғалтудың қандай ауыр екенін түсінеміз. Ол отбасының асыраушысы болған еді. Біз әріптесіміздің отбасы көмекке мұқтаж кезде шет қалмайық деп, оның кенже ұлы дүниеге келген күні шамамызға қарай көмек берейік деп шештік", - дейді Ескелді аудандық полиция бөлімінің бастығы Қайрат Баймұханов.

Алматы облысы полиция
Фото: Алматы облысы ПД баспасөз қызметі

Өз кезегінде марқұм полицейдің жанұясы тәртіп сақшыларына көрсеткен қолдауы үшін, бөлген уақыты мен назарына шынайы алғыс білдірді.

Еске сала кетейік, ШҚО-да тәртіп сақшылары екі күн бұрын жоғалып кеткен баланың денесін тапты. Жасөспірімнің денесі Үлбі өзенінен табылды. Оның денесінен ешқандай жарақат анықталмаған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1912285-almaty-oblysynda-policeiler-marqum-ariptesinin-sabiin-perzentxanadan-sygaryp-aldy-foto/

pixel