Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Қызыл" мәртебесі бар жолаушылар Нұр-Сұлтан әуежайынан ауруханаға жеткізілді

Опубликовано:

Ұшақ
Көрнекі фото: pexels.com

Ashyq жобасын іске асырудың алғашқы күнінде Нұрсұлтан Назарбаев атындағы халықаралық әуежай қызметкерлері "сары" және "қызыл" мәртебесі бар жолаушыларды анықтады деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі елорда әуежайының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Әуе айлағында қызметкерлер "сары" мәртебесі бар 4 жолаушыны және "қызыл" мәртебесі бар 2 жолаушыны анықтады. "Қызыл" мәртебесі бар жолаушылар жедел жәрдем келгенге дейін оқшауланған, содан кейін олар ауруханаға жатқызылды.

Айта кетейік, Ashyq жобасы толығымен осы жылдың 12 мамырында астананың әуе айлағында іске қосылды.

Әуежай қызметкерлері әуежайға келер алдында жолаушыларға қосымшаны жүктеп, өз мәртебесін алдын ала тексеріп шығу керектігін ескертеді. "Сары" және "қызыл" мәртебесі бар жолаушылар терминал ғимаратына кіргізілмейтіні баса айтылды.

Сонымен қатар, әуежай рейске жіберілмеген жағдайда билеттің ақшасын қайтару туралы сұрақтар әуе компаниясына жіберілуі керек екендігін алға тартты.

Ashyq қосымшасындағы ақпарат Денсаулық сақтау министрлігінің жалпы мәліметтер базасымен интеграциялану арқылы жеткізіледі және жолаушының мәртебесін анықтайды, деп түсіндірді баспасөз қызметі.

"Әуежай ғимаратының кіреберісінде қызметкерлерге планшеттер берілген. Смартфондары жоқ жолаушылар өздерінің ЖСН-ін қызметкердің планшеті арқылы енгізіп, қосымшадағы өз мәртебесін біле алады. ЖСН-і жоқ шетелдік жолаушыларға келсек, олар әуежай қызметкерлерінің планшеті арқылы паспортының нөмірін енгізіп, мәртебесін тексере алады", - деп түсіндірді әуежайдың баспасөз қызметінде.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1912287-qyzyl-martebesi-bar-zolausylar-nur-sultan-auezaiynan-auruxanaga-zetkizildi/

pixel