jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Азамат Қабетов
Азамат Қабетов
Бұрынғы қызметкер

Тараз тұрғыны серуендеуден бас тартқан қыздың ұялы телефонын ұрлап, қашып кеткен

Видеодағы кадр
Видеодағы кадр: Жамбыл облысы ПД

Тараз қаласының тұрғыны жас қызбен танысып, оған серуендеп қайтуға ұсыныс жасайды, алайда ол бас тартқан. Ренжіген жігіт оның қолынан телефонды тартып алып, қашып кетеді. Тонау ісін ашуға жедел басқару орталығының бейнебақылау камералары көмектескен деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы Жамбыл облысы полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ведомствода хабарланғандай, Тараз қалалық полиция басқармасына қаладағы ықшамаудандардың бірінің 27 жастағы тұрғыны жүгінген.

Ол 116 мың теңге тұратын ұялы телефонын бейтаныс жігіт алып кеткенін айтады. Сондай-ақ, телефонның қабында 46 мың теңге болған. Ұрлық жасаған жігіт дереу ізін суытыпты.

Тәртіп сақшылары қылмыстық кодексінің 191-бабы (Тонау) бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады. Алдын ала тергеу барысында жәбірленушінің кешке серуендеуге шақырған жігітпен кездескені, бірақ қыз қыдырудан бас тартқаны анықталды.

Содан ашуланған жігіт қыздың қолындағы смартфонын тартып алмақ болып әрекет жасаған. Ер адам күш қолдану арқылы гаджетті қолынан жұлып алып, сәтсіз кездесуден қашып кетіпті. Бір сәтке де кідірмеген бойжеткен өтіп бара жатқан адамға болған жайтты хабарлайды.

Бейнебақылау камераларының көмегімен күдікті анықталып, ұсталды. Бұл Тараз ықшамаудандарының бірінің 27 жастағы тұрғыны болып шықты. Ол қазірдің өзінде жасаған әрекетін мойындап отыр. Телефон мен ақша заңды иесіне қайтарылды.

Еске салсақ, Алматы қаласында арбатта түнгі уақытта пышақпен қорқытып, азаматтардың ұялы телефондары мен бағалы заттарын алып кеткен күдіктілер ұсталған еді.

Тараз тұрғыны серуендеуден бас тартқан қыздың ұялы телефонын ұрлап, қашып кеткен

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.