Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Әлемде коронавирус жұқтырғандар саны 160 миллионнан асып кетті

Опубликовано:

Коронавирус
Көрнекі фото: pixabay.com

Әлем бойынша коронавирус инфекциясын жұқтырғандар саны 160 миллионнан асты. Джонс Хопкинс университетінің мәліметінше, бүгінде 160 457 476 вирус жұқтыру дерегі тіркелген.

Пандемия басталғалы бері 3 331 604 адам коронавирустан көз жұмған.

Ауру жұқтырғандардың басым көпшілігі АҚШ-та, 32 814 574 адам тіркелген. Оның 583 684-і өліммен аяқталған.

Екінші орында Үндістан тұр. Мұнда 23 703 665 адамнан коронавирус анықталса, соның 258 317-і көз жұмған.

Үшінші орында 15 359 397 ауру жұқтыру дерегі тіркелген Бразилия тұр. Бұл елде 428 034 адам коронавирустан қайтыс болған.

Францияда - 5 882 882,

Түркияда - 5 072 462

Ресейде - 4 849 044,

Ұлыбританияда - 4 457 742,

Италияда - 4 131 078,

Испанияда - 3 592 751,

Германияда - 3 564 494 адамнан коронавирус анықталған.

Ал біздің елімізде коронавирус инфекциясын жұқтырғандар саны 350 591-ге жетіп отыр. Өткен бір тәуліктің өзінде вирус 2 283 адамнан анықталған.

Еске сала кетсек, үкіметтің онлайн отырысында денсаулық сақтау министрі Алексей Цой қазіргі вакцинацияны ескере отырып, коронавирусқа қатысты жаңа болжамымен бөлісті.

"Оптимистік сценарий бойынша – егер вакцинация кестеге сәйкес жалғасатын болса, бір тәулікте 3 мыңға дейін жұқтырғандар (коронавирус-ред.) тіркеліп, сәуір айының соңында шарықтау шегіне жетеді деп күтілуде. Реалистік сценарий бойынша – бір тәулікте жұқтырғандар 4 мыңға дейін тіркеліп, мамырдың ортасында шарықтау шегіне жетуі мүмкін", – дейді министр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1912338-alemde-koronavirus-zuqtyrgandar-sany-160-millionnan-asyp-ketti/

pixel