Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қаз-қатар тізіліп тұр: Ақтауда айт намазына жиылған жүздеген адамның видеосы тарады

Опубликовано:

Мешіт
Фото: SPUTNIK / АБЗАЛ КАЛИЕВ

Ақтау қаласы әкімдігінің Facebook әлеуметтәк желісіндегі ресми парақшасында мешіттегі айт намазының видеосы пайда болды деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Дронмен түсірілген кадрлардан жүздеген мұсылманның қаз-қатар тізіліп тұрып, қасиетті Рамазан айының аяқталуын білдіретін Ораза айт мерекесінің намазын оқып жатқанын көруге болады.

Әкімдік мәліметінше, видео қаланың Бекет Ата орталық мешітінде түсірілген. Аталған құлшылықтың республика бойынша бірқатар мешітте өткізілгені нақтыланған.

Lada.kz басылымы таратқан ақпаратқа сәйкес, ораза айт намазы ашық аспанда санитарлық нормаларға сәйкес өткізілген. Мұндай шектеулер COVID-19 пандемиясымен байланысты.

Естеріңізге сала кетейік, бүгін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарды Ораза айт мерекесімен құттықтады. Құттықтау жазбасын президенттің ресми сайты жария етті.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1912339-aqtauda-ait-namazyna-zuzdegen-adam-zinalgan-video-zelini-zaulap-aldy/

pixel