Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Биолог: COVID-19 адам өмірін қысқартады

Опубликовано:

Коронавирус
Фото: pixabay.com

COVID-19 салдарынан адамдардың орташа өмір сүру ұзақтығы 1,5-2 жылға қысқарып келеді. Мұндай мәліметтерді РИА Новостиге Джордж Мейсон университетінің жүйелік биология мектебінің профессоры Анча Баранова ұсынған.

Оның айтуынша, коронавирус - жүйелі ауру және оны бірнеше рет жұқтыруға болады.

"Коронавируспен ауырудың кез келген эпизоды адам өмірін аз да болса қысқартады. Кейбір жағдайларда, тіпті айтарлықтай қысқартуы мүмкін. Бүгінде адам өмірінің орташа ұзақтығы қысқаруына қатысты күрделі мәселе шешілуде. Қазірдің өзінде дамыған елдерде (статистика бойынша) өмір сүру ұзақтығы орта есеппен 1,5-2 жасқа қысқарған. Бұл коронавирустың салдарынан болды", - дейді Баранова.

Ол мұндай тұжырымды Америка Құрама Штаттарының статистикасы негізінде жасауға болатындығын түсіндіріп, Ресейде өмір сүру жасының қысқаруы бойынша айтарлықтай айырмашылық жоқтығын алға тартты.

Еске салсақ, бұған дейін өткен тәулікте қанша қазақстандықтың коронавирус жұқтырғаны белгілі болғанын жазған едік.

Одан бөлек, әлеуметтік желілерде қазақстандықтардың 21-ші күні Sputnik V вакцинасының екінші компонентін салдыра алмағандарына шағымданып жатқаны туралы ақпарат тараған болатын. Денсаулық сақтау министрлігі вакцина салудан бас тарту туралы ақпарат шындыққа жанаспайтынын мәлімдеді. Министр вакцинаның екінші компонентін 21-ші күні алғысы келетіндер мұны еш қиындықсыз жасай алатынын алға тартты.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1912514-biolog-covid-19-adam-omirin-qysqartady/

pixel