jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Жұлдыз Кенжегалиева
Жұлдыз Кенжегалиева
Қазақ редакциясының басшысы

Еліміздегі қалалардың бірінде карантин талаптары күшейтілді

Коронавирус
Көрнекі сурет: pixabay.com

Шымкенттің бас мемлекеттік санитар дәрігері Әбдіманап Төлебаев карантин режимін ұзарту туралы жаңа қаулыға қол қойды. Қаулының толық мәтінін Шымкент қаласының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті жария етті.

Қаулыға сәйкес, Шымкент қаласында карантин режимін және коронавирус инфекциясының таралуының алдын алу жөніндегі шектеу шаралары 2021 жылдың 16 мамырынан бастап эпидемиологиялық жағдай тұрақталғанша ұзартылатын болды.

Одан бөлек, Шымкент қаласының тұрғындарына және қонақтарына адам көп жиналатын іс-шараларды (еске алу, туған күндер, мерейтойлар, шығарып салу, құдалық, той, беташар және басқа) өткізуге тыйым салынды.

Сонымен қатар 65 жастан асқан тұрғындардың қалада жүруі шектелетін болды. Қоғамдық орындарға (оның ішінде қоғамдық көлікте) және қызметіне рұқсат етілген нысандарға барған кезде, сондай-ақ ашық ауада орналасқан қоғамдық орындарда болған кезде (5 жасқа дейінгі балаларды және ашық ауада спортпен шұғылдануды қоспағанда) бетперде кию, әлеуметтік қашықтықты сақтау және антисептиктерді пайдалану бойынша талаптар қатаң сақталуы тиіс.

Банкет залдардың, мектеп асханаларының жұмысына тыйым салынады, сондай-ақ қоғамдық тамақтану объектілерінде және басқа да жерлерде салтанатты, естелік іс-шараларын өткізуге рұқсат жоқ.

Ал саяжайлар, скверлер, жағалаулар және Шымкенттегі автовокзалдар мен автостанциялар жұмысы қалыпты режимде жүргізіледі.

Қаулы 16 мамырдан бастап өз күшіне енеді. Қаулының толық мәтінін сілтеме арқылы өтіп, оқи аласыз.

Еліміздегі қалалардың бірінде карантин талаптары күшейтілді

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.