Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Мальдив аралдарынан келген қазақстандықтар 14 тәулікке карантинге жатқызылады

Опубликовано:

Әуежайдағы жолаушылар
Көрнекі фото: pixabay.com

Қазақстанның бас мемлекеттік санитар дәрігері "Мальдив аралдарынан Қазақстанға коронавирустық инфекцияның әкелінуіне жол бермеу жөніндегі шараларды күшейту туралы" жарлыққа қол қойды деп хабарлайды денсаулық сақтау министрлігі санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің ресми сайты.

Қазақстан Республикасының халқы арасында коронавирус инфекциясының таралуының алдын алу мақсатында қаулы етемін:

Облыстардың, Алматы, Нұр-Сұлтан, Шымкент қалаларының әкімдері, денсаулық сақтау басқармаларының басшылары:

  • Қазақстан Республикасына келген және соңғы 14 күн ішінде Мальдив аралдарына барып келген адамдарды 14 күнге үйде оқшаулауды (үй карантині) қамтамасыз етсін. Үй карантиніне оқшаулау ПТР әдісімен CОVID-19-ға тестінің теріс нәтижесі бар Анықтаманың болуына және CОVID-19-ға қарғы вакцинациясының бар-жоғына қарамастан жүргізіледі;
  • соңғы 14 күн ішінде Мальдив аралдарына барып келген адамдарды 14 күн бойы медициналық бақылауды қамтамасыз етсін.

Қаулыға сәйкес, Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметі Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің Көліктегі санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің мамандарына Қазақстан Республикасына келген және соңғы 14 күн ішінде Мальдив аралдарына барып келген адамдардың тізімдерін ұсынуды қамтамасыз етіледі.

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің құрылымдық бөлімшелері Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы өткізу пункттерінде Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің аумақтық департаменттерінің мамандарына Қазақстан Республикасына келген және соңғы 14 күн ішінде Мальдив аралдарына барып келген адамдардың тізімдерін ұсынуды қамтамасыз етіледі.

Сонымен қатар, көліктегі санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментіне мыналарды қамтамасыз ету тапсырылды:

  • Қазақстан Республикасына келген және соңғы 14 күн ішінде Мальдив аралдарына барып келген адамдарға COVID-19-дың ықтимал симптомдары туралы түсіндіруді және осы қаулыға қосымшаға сәйкес тиісті қолхат алуды;
  • Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің аумақтық департаменттеріне және облыстар мен Алматы, Нұр-Сұлтан, Шымкент қалаларының денсаулық сақтау басқармаларына соңғы 14 күн ішінде Мальдив аралдарына барып келген адамдар бойынша ақпарат жіберуді қамтамасыз ету.

Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің аумақтық департаменттерінің басшылары Қазақстан Республикасына келген және соңғы 14 күн ішінде Мальдив аралдарына барып келген адамдарды 14 күн бойы үйде оқшаулауды және медициналық бақылауды қамтамасыз ету қажет.

Құжаттың толық мәтінін сілтеме арқылы өтіп, оқуға болады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1912742-maldiv-araldarynan-kelgen-qazaqstandyqtar-14-taulikke-karantinge-zatqyzylady/

pixel