jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
18+
Азамат Қабетов
Азамат Қабетов
Бұрынғы қызметкер

ШҚО-да жасөспірім тау шатқалында қалып қойды (фото)

Тауда қалған бала
Фото: ШҚО ТЖД

ШҚО Глубокое кентінің Алтынсарин көшесі аймағында жалғыз ойнап жүрген бала тауда қалып қойған. Баланы байқаған куәгерлер құтқарушылар шақырған деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы облыстық ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ведомствоның мәліметінше, 12 жастағы жасөспірім өзінің әлін білмей, тау шатқалынан шыға алмай, қалып қойған.

Тұзақтан құтылудың сан жолын қарастырған бала өтіп бара жатқан адамдардан айқайлап, көмек сұраған. Жағдайды түсінген куәгерлер оқиға орнына құтқарушыларды дереу шақырды. Қызметкерлер баланы арқанның көмегімен шығарып алды.

Қуанышқа орай, оқиғадан баланың денсаулығына зиян келмеген, денесінде көгерулер мен жарақаттар болған жоқ.

Тауда қалған бала
Фото: ШҚО ТЖД

Шығыс Қазақстан облысы төтенше жағдайлар департаменті ата-аналарға балаларды жалғыз қалдыруға болмайтыны туралы ескертеді. Кәмелетке толмағандарға көшеде, табиғатта және су айдындарында қандай қауіп төнуі мүмкін екенін түсіндіру қажет.

Еске салсақ, 16 мамыр күні таңғы уақытта Алматыда "Қарасу" шағынауданында өрт шыққаны туралы хабарланды. ТЖД күштері оқиға орнына бірден жіберілді. Өрт шыққан жерге барған кезде үш қабатты ғимараттың жертөлесі жанып жатқаны анықталды.

Газ және түтіннен қорғау қызметі барлау және сөндіру кезінде өрт сатысы арқылы шатырдан алты адамды құтқарды. Алтыншы адамды өрт сөндірушілер түтін шарпыған ең алыс бөлмеде ұйықтап жатқан жерінен оятып алған.

Құтқарылған жеті адамға да жедел түрде ҚР ТЖМ Апаттар медицинасы орталығының бригадасы медициналық-психологиялық көмек көрсеткен.

ШҚО-да жасөспірім тау шатқалында қалып қойды (фото)

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.