Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Нұр-Сұлтанда екі саябақты жалғайтын көпір салынбақ (фото)

Опубликовано:

Жоба
Фото: instagram.com/altay_kulginov_official

Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов өзінің Instagram парақшасында қалада пайда болатын жаңа қоғамдық орындар туралы айтты. Оның бірі қос саябақты жалғайтын вело-жаяу жүргінші көпірі болады.

Елорда әкімінің айтуынша, қала тұрғындарының өтініштері бойынша және қоғамдық кеңістіктердің (скверлер, саябақтар, бульварлар) қажет екенін ескере отырып, оларды кеңейту бойынша ауқымды жұмыстар жүргізіліп жатыр.

"Мәселен, Б. Момышұлы даңғылы бойымен жағалауға дейін жаяу жүргіншілер желекжолын абаттандырамыз. Толқын тәрізді аллея аумағында үстел теннисі мен шахматқа арналған үстелдер, демалуға және әткеншек тебуге арналған көлеңкелі аймақтар орнатуды жоспарлап отырмыз. Бұл Триатлон паркін жаңа бөртегүл бағымен біріктіре отырып, эко-маршрут құруға мүмкіндік береді. Онда мыңнан астам бөртегүл көшетін отырғызамыз. Бөртегүл бақшасы болады", – деп түсіндірді Көлгінов.

Алтай Көлгінов
Фото: instagram.com/altay_kulginov_official

Әкімнің сөзінше, Триатлон саябағы өткен жылы кең көлемде абаттандырыла бастады. Айтуынша, былтыр қалада алғаш рет көпір алаңдары абаттандырылған.

"Сарайшық көшесіндегі көпірдің астында спортпен айналысуға арналған бірнеше аймақ ашылды, саябақ аумағында футбол алаңдары орнатылды. Бұл көпір – Триатлон мен Президент саябағы арасындағы көпір, ол биыл өз жалғасын табады.

Мысалы, Тұңғыш Президент саябағында көлеңкелі бастырмалар, әткеншектер, үш субұрқақ, оның ішінде тұманды булану, орындықтар және т.б. орнатылды.

Алдағы уақытта өзен арқылы вело-жаяу жүргінші көпірін салуды жоспарлап отырмыз. Бұл көпір екі саябақты – Тұңғыш Президент саябағы мен Есіл өзенінің бойындағы саябақты бірыңғай кластермен біріктіруге мүмкіндік береді. Осылайша қала тұрғындары аудандар арасында кедергісіз жүре алады. Көпірдің бойында демалыс аймақтарын жабдықтаймыз, ал көпірдің ішіне әткеншек орнатамыз", – деп жазды әкім.

Жоба
Фото: instagram.com/altay_kulginov_official

Көлгінов мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша қоғамдық кеңістіктерді (саябақтар, скверлер, бульварлар, бақтар) абаттандыру кезінде көгалдандыруға ерекше назар аударатынын еске салды, өйткені бұл – қала дамуының ажырамас бөлігі, дейді әкім.

"Биылғы көгалдандыру жұмыстарының ерекшелігі аулалық аумақтардан, саябақтардан, скверлерден, бульварлардан, елді мекендерден басқа, көрікті жерлеріміздің іргелес аумақтарын көгалдандыруға кіріскенімізде. Бұл "бетон орындар" санын азайтады.

Мысалы, "Астана Опера" аумағында емен бағы, Триатлон саябағында бөртегүл бағы, Қ.Қуанышбаев атындағы Қазақ музыкалық-драма театры мен "Астана Балет" аумағында жасыл бақ пайда болмақ", – деп түйіндеді елорда басшысы.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1912920-nur-sultanda-eki-sayabaqty-zalgaityn-kopir-salynbaq-foto/

pixel