Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Елімізде соңғы тәулікте қанша адам COVID-19 жұқтырды

Жарияланған күні:

Тұрғын
Көрнекі сурет: NUR.KZ / Петр Карандашов

Елімізде өткен тәулікте 1837 адамның коронавирус жұқтырғаны ПТР арқылы расталып, ауырғаны белгілі болды. Бұл туралы ақпаратты Coronavirus2020.kz ресми Telegram-каналында жария етті.

Аймақтар бойынша коронавирус жұқтырғандардың саны келесідегідей:

Нұр-Сұлтан қаласы - 251

Алматы қаласы - 520

Шымкент қаласы - 30

Ақмола облысы - 139

Ақтөбе облысы - 24

Алматы облысы - 109

Атырау облысы - 48

Шығыс Қазақстан облысы - 78

Жамбыл облысы - 25

Батыс Қазақстан облысы - 92

Қарағанды облысы - 320

Қостанай облысы - 33

Қызылорда облысы - 35

Маңғыстау облысы - 13

Павлодар облысы - 92

Солтүстік Қазақстан облысы - 11

Түркістан облысы - 17

Жалпы ел бойынша ауырғандар саны 362030 адамды құрап отыр.

Еске салсақ, бұған дейін еліміздің Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой QazVac вакцинасының екінші дозасын салдырғанын жазған едік.

Одан бөлек, медицина ғылымдарының докторы, эпидемиолог Сәкен Әміреев коронавирусты маусымдық ішек инфекциясынан қалай ажыратуға болатынын айтып бергенін жазған болатынбыз.

Эпидемиологтың сөзіне сенсек, коронавирус пен ішек вирусы бастапқы кезінде ұқсас болуы мүмкін. Себебі, олар жұғады.

"Ішек инфекциясы фекальды – оральды жолмен, яғни адамнан адамға кір қолдан немесе жуылмаған жеміс-жидек, тамақ арқылы жұғады. Ал, коронавирус инфекциясының бірнеше таралу жолы бар. Атап айтар болсам, фекальды – оральды және тыныс алу жолдары арқылы. Аурудың алғашқы күні екеуінің белгілері ұқсас болуы мүмкін. Іштің өтуі, дене қызуының көтерілуі, асқа тәбетің болмауы, құсу, бас ауру, жалпы әлсіздік. Коронавирус та дәл осылай басталады", - деп түсіндірді ол.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1912979-elimizde-songy-taulikte-qansa-adam-covid-19-zuqtyrdy/