Алексей Цой QazVac вакцинасының екінші дозасын салдырды (фото)
Жарияланған күні:
Еліміздің Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой QazVac вакцинасының екінші дозасын салдырды.
Бұл туралы министр өзінің Facebook парақшасында мәлімдеген.
"QazVac-тың екінші екпесін алдым. Бірінші дозасын алғаннан кейінгідей қазір де жағдайым жақсы. Ешқандай реакция жоқ. Вакцина – пандемиядан шығудың жалғыз тиімді құралы. Аман-сау болыңыздар! Өздеріңізді қорғаңыздар!", - деп жазды министр.
Алексей Цой алғашқылардың бірі болып QazVac вакцинасының бірінші дозасын 26 сәуір күні салдырған болатын. Министр бұл сәтті тікелей эфирде көпшілікке көрсеткен.
Бұған дейін бұл вакцинаны әзірлеу кезеңінде Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов өзіне салдырған болатын.
Флаконда бір адамға арналған бір реттік вакцина болды. Иммундау процесі Sputnik V-мен бірдей - яғни укол иыққа салынады. Айырмашылығы - бір ампула бір адамға ғана арналған, ал ресейлік вакцинаның бір ампуласын 5 адамға салуға болады.
Вакцинаны салдырғаннан кейін укол салынған орынға су тигізуге болмайды, бір сағаттан кейін дене қызуын түсіретін дәрі ішу керек.
Еске салсақ, бұған дейін Цой 21-ші күні вакцина салмай қойды деп шағымданғандарға жауап бергенін жазған едік.
Министр вакцинаның екінші компонентін 21-ші күні алғысы келетіндер мұны еш қиындықсыз жасай алатынын алға тартты - тек тіркелген жеріңіз бойынша емханаға хабарласу жеткілікті.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1912952-aleksei-coi-qazvac-vakcinasynyn-ekinsi-dozasyn-saldyrdy-foto/
Егер сіздің лақапатыңыз ережелердің талаптарына сәйкес келмесе, оны 4 қазанға дейін өзгертіңіз. Әйтпесе, ол автоматты түрде ауыстырылады.