Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Батырхан Шүкеновке арналған ескерткіштің эскиздері пайда болды

Опубликовано:

Батырхан Шүкеновке арналған ескерткіштің эскиздері
Фото: Нұр-Сұлтан әкімдігінің ресми сайты

Нұр-Сұлтан әкімдігі жариялаған Батырхан Шүкенов ескерткішінің үздік эскиз-идеясына арналған байқау мамыр айының соңына дейін жалғасады. Бүгінде алғашқы эскиздер де пайда болған. Онда композитор әртүрлі вариацияларда, соның ішінде сүйікті музыкалық аспабы — саксофонмен бейнеленген деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Эскиздер бойынша ұсыныстарды Birge платформасында — оң жағындағы төменгі бұрышта "Кері байланыс" арқылы, сондай-ақ centerofurbanism@gmail.com поштасына жіберуге болады.

Қалалық саябақта әнші және композитор Батырхан Шүкеновке ескерткіш орнату жоспарлануда. Жоба демеушілік қаражат есебінен жүзеге асырылады.

Бүгін, яғни 18 мамырда композитор 59 жасқа толар еді. Оның қайтыс болғаны туралы хабар бүкіл елді, миллиондаған тыңдарманын есеңгіретіп жіберді.

Батырхан Шүкеновке арналған ескерткіштің эскизі
Фото: Нұр-Сұлтан әкімдігінің ресми сайты

Батырхан Шүкеновке арналған ескерткіштің эскизі
Фото: Нұр-Сұлтан әкімдігінің ресми сайты

Батырхан Шүкеновке арналған ескерткіштің эскизі
Фото: Нұр-Сұлтан әкімдігінің ресми сайты

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1913054-batyrxan-sukenovke-arnalgan-eskertkistin-eskizderi-paida-boldy/

pixel