Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Петропавл тұрғыны полицейге былапыт сөздер айтып, жұдырық жұмсаған

Опубликовано:

полицей
Көрнекі фото: polisia.kz

Петропавлда мас ер адам полицейлерге қарсылық білдіріп, жұдырық жұмсаған. Солтүстік Қазақстан облыстық полиция департаменті билік өкіліне шабуыл жасау фактісін тіркеді деп хабарлайды Polisia.kz.

16 мамыр кешкі уақытта “102” арнасына Горький көшесіндегі үйдің ауласындағы балалар алаңында мас ер адамның жүргені туралы хабарлама келіп түскен.

Шақыру бойынша жақын маңдағы автопатруль мен Ұлттық ұлан әскери қызметшілерінің жаяу наряды тексеруге барған.

Полицейлер келген кезде құқық бұзушы қарсылық көрсеткенімен қоймай, дөрекі сөздер айтып, тәртіп сақшыларының біреуіне жұдырық ала ұмтылған.

Тексеріс барысында құқық бұзушының бұрын бұзақылық жасағаны, суық қаруды заңсыз сақтағаны және билік өкілін қорлағаны үшін сотталған 38 жастағы қала тұрғыны екендігі анықталды.

Медициналық куәландыру масаңдық деңгейін көрсеткен. Ер адамға қатысты Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 440-бабы (Алкогольдік ішімдіктерді ішу немесе қоғамдық орындарға масаң күйде келу) бойынша материал жиналып, сотқа жолданып отыр.

"Бұдан бөлек, Қылмыстық кодекстің 380-бабы (Билік өкіліне қатысты күш қолдану) бойынша материал жиналды. Сараптама тағайындалды, оның нәтижесі бойынша процессуалдық шешім қабылданатын болады. ҚР ҚК 380-бабы 1-бөлігінің санкциясы үш мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерінде айыппұл салуды не үш жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасын көздейтінін еске саламыз", — деп қоса кетті Петропавл қалалық ПБ бастығы Жандос Мұқатов.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1913160-petropavl-turgyny-policeige-bylapyt-sozder-aityp-zudyryq-zumsagan/

pixel