Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Әзербайжан президенті Олжас Сүлейменовті орденмен марапаттады

Опубликовано:

Олжас Сүлейменов
Фото: Sputnik Қазақстан

Әзербайжан президенті Ильхам Әлиев 18 мамырда Әзербайжан мен Қазақстан арасындағы мәдени байланыстың дамуына қосқан үлесі үшін Олжас Сүлейменовті «Şərəf» орденімен марапаттау жөнінде өкімге қол қойды деп хабарлайды ҚазАқпарат.

"Şərəf" (Абырой) ордені 2007 жылы құрылды. Орден Әзербайжан республикасына айрықша еңбек сіңірген тұлғаға экономика, ғылыми-техникалық дамуға, қоғамдық-мәдени прогреске қосқан үлесі үшін, ғылым, мәдениет, әдебиет, өнер, ағарту және денсаулық сақтау саласында ерен еңбегі үшін беріледі.

Орден алтын мен платинадан жасалған сегіз қырлы жұлдыздан тұрады. Ішінде екі дөңгелек бар сыртқысы алтын, ішіндегісі платинадан жасалған.

"АЗЕРТАДЖ" агенттігінің хабарлауынша, аталмыш марапат шетелдіктерден - Түркия президенті Сүлейман Демирелге, Ресей патриархы Кириллге, Еуропа олимпиада комитеттерінің президенті Патрик Хиккиге, Ресей опера әншісі Тамара Синявскаяға, ТАСС агенттігі бас директорының бірінші орынбасары Михаил Гусманға берілген.

Еске сала кетсек, 18 мамырда ақын, жазушы, мемлекет және қоғам қайраткері, түрколог, "Семей-Невада" қозғалысының көшбасшысы Қазақстанның халық жазушысы Олжас Сүлейменов 85-ке толды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1913189-azerbaizan-prezidenti-olzas-suleimenovti-ordenmen-marapattady/

pixel