Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ақтау тұрғыны өзіне жабылған жаладан кейін он жылға түрмеге тоғытылды

Жарияланған күні:

pixabay.com
Көрнекі фото: pixabay.com

Ақтау тұрғыны өзімен бірге тұрып жатқан ер адамды зорлық жасады деп айыптап, артынша бұл сөздерінен бас тартқан. Десе де сот ер адамды он жылға бас бостандығынан айыруды жөн санады деп хабарлайды "Астана" арнасы.

Ер адамның анасының айтуынша, ұлы ғашығымен бірге бір үйде тату-тәтті тұрып жатқан. Алайда бір күні араларында жанжал туындап, ұлы сүйіктісіне қол көтереді. Нәтижесінде бойжеткен оның үстінен полицияға шағым түсіреді. Сотталушының анасының айтуынша, тәртіп сақщылары "арызданушы бойжеткенді әбден шатастырған".

"Ұрғаны үшін оған ештеңе болмайды, ол сені зорлады деп жаз деді. Ол алдымен келіспеді, содан кейін олар қағаздарды әкеліп, бойжеткен оған қол қоя салған. Содан кейін қол қойғанына өкініп, шағымын қайтарып алғысы келген, ал олар екі сөйлегенің үшін сені түрмеге жабамыз деп қорқытқан, ол шошып кетті", - деді әйел.

Наурызда ер адам 10 жылға бас бостандығынан айырылды. Жағдайды түзеуге тырысқан оның ғашығы арыз жазып, зорлау болмағанын мойындайды.

"Сол күні мен оның қоңырауынан кейін гаражына өзім бардым. Онда біз бірнеше күн бірге болдық және өз еркімізбен жақын қарым-қатынаста болдық. Алғашқы шағымымда мен зорлау және жыныстық зорлық-зомбылық туралы жазбаған едім. Мен бұл үшін оның қатыгездікпен түрмеге жабылатынын білмедім", - деді жәбірленуші Маңғыстау облысы сотының алқасына берген мәлімдемесінде.

Алайда, апелляциялық сот үкімін өзгеріссіз қалдырды.

"Сот істің материалдары мен мән-жайларын зерттей отырып, әрбір дәлелдемелерді маңыздылығы, мүмкіндігі, сенімділігі тұрғысынан бағалап және барлық жиналған дәлелдемелерді жиынтықта қарай келе, іске қатысты үкім шығару үшін жеткіліктілігі тұрғысынан бағалап, сотталушының кінәсі дәлелденді деп санады", - делінген соттың баспасөз қызметі ұсынған хабарламада.

Сотталушының адвокаттары медициналық сарапшылардың қорытындыларына сілтеме жасай отырып, зорлау фактісі дәлелденбегенін мәлімдеді - қорытындыда жыныс мүшесіне ешқандай зиян келмегені айтылған.

Енді сотталушының туыстары мен "жәбірленуші" оның ақталып шығуы үшін барын салмақ. Олар Бас прокуратураға жүгінуді жоспарлап отыр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1913200-aqtau-turgyny-ozine-zabylgan-zaladan-keiin-on-zylga-turmege-togytyldy/